Кітаптың сипаттамасы Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
                                            
                                            
                                    list_alt
                                
                                
                                    Мазмұны
                                
                            
                                    library_books
                                
                                
                                    Текст книги
                                
                            
                                    video_library
                                
                                
                                    Видеодәрістер
                                
                            
                                    emoji_objects
                                
                                
                                    Мәселелер
                                
                            
                                    live_help
                                
                                
                                    Тесттер
                                
                             
                                
                            Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
                                
                                   
                                        Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін паш етіп, өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітіп, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік саласына елеулі өзгерістер енгізді, нарықтық экономиканы, көппартиялық жүйені қалыптастырды, қоғамдағы көптеген демократиялық және құқықтық институттарды нығайтты. Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы өз Конституциясында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатынын мақұлдап бекітті.
Қоғамның дамуы, заңдылықтың нығаюы, құқық тәртібінің орнауы үшін құқықтың маңызы зор екендігі белгілі. Сондықтан, тұтас алғандағы қоғамдық прогресс, экономиканың жаңа сатыға көтерілуі және елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең алдымен қоғамдық қатынастардың қалай реттелінгендігіне және заң талаптарын орындамағаны үшін нормативтік-құқықтық актілерде қандай шаралардың қарастырылғанына байланысты. Сол себептен, құқықтық пәндерді оқытудың ролі артуда. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқан әр азамат конституциялық құқықтарын біліп қана қоймай оны жүзеге асыра алу қабілетіне ие болуы керек. Осы салада Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығын оқытудың маңызы зор деп білеміз. 
                                    
                                
                             
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                         
                                        