Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы. Конституциялыққұқыққұқықтың бір саласы ретінде өзінің жүйелік құрылымы жөнінен жекеленген институттарға бөлінеді. Конституциялыққұқытық институттар біртекеті және өзара байланысты қатынастарды реттеуші белгілі бір конституциялық құқық нормаларын көрсетеді. Сала жүйелері, ішкі бірлікпен, сол жүйенің элементтарі арасындағы өзара байланыспен сипатталатын белгілі бір құқықтық құрылымдар жиынтығын білдіреді.
Қазақстан өзгелердің аумағына көз алартпайды. Бірақ, Конституцияда жазылғандай өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын көздейді. Республиканың тұтастығын бұзатын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне Конституциялық деңгейде тиым салынған. Мұндай тиым халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді және қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыру мен олардың қызметін шектеушілікті білдіреді. Одан әрі Қазақстан Республикасының Конституциясында Республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын оның қарулы күштері қорғайтындығы жазылған (44 бап). Сөйтіп мемлекет аумағының мызғымастығы туралы халықаралық құқық нормасы Қазақстан Республикасы Конституциясында өзінің бітпеген ойына жетті. Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғау үшін қарулы күштерді қолдану - халықаралық деңгейде танылған құқық. Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару құқығын барынша елеулі сәттеріне айырықша назар аударады.
Конституциялық құқық институттарының қатарына келесідей институттар жатады:
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы негіздері;
- Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері;
- Азаматтық институты;
- Сайлау құқығы институты;
- Президенттік институты;
- Парламентаризм институты;
- Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институты.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқық институтына сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы соттық билік негіздері және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару институттарын жатқызуға болады.
Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері институтын құрайтын конституциялық құқық нормалар ең алдымен адамның табиғи, ала сатылмайтын құқықтарын бекітеді. Бұл нормалар мемлекет пен тұлға арасында пайда болатын қатынастарды реттейді. Бұл институт адам және азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін де қамтиды. Аталған институтты құрушы нормалар негізінен Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың міндеттерін қамтитын нормалар болып табылады.
1991 жылдың желтоқсанында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. КСРО-ның құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. Кеңестік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң, 1993 және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды заңдастырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында былай жазылған: "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасын орындаудың басты нәтижесі қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік институттардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшін "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негізін құраған өзге де заң актілері қабылданды".
Республикамыздың қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі қазіргі түбегейлі өзгерістер, жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформа еліміздің әрбір азаматынан құқықтық сауаттылықты талап етеді. Еліміз демократиялық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бекем бел байлады. Адам құқықтары аяқ асты етілмей, заңсыздық пен жемқорлық жайламай, мемлекетіміз нығаю, дамуы және көркеюі үшін заңның талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Ежелгі Римнің әйгілі ғұлама ойшылы Марк Тулий Цицерон: "Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз" деп әсерлі айтқан екен. Әділеттік, ізгілік қағидаларын жүзеге асыру, қоғамды және мемлекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыру заңның үстемдігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интелегенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы «еңбекші» термині 1993-ші жылғы Конституцияда, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туарлы айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясында халық тұрғындардың бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, «халық» ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес біріншіден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындарының қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көп ұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады, бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше: құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.
Конституциялық құқық пәнінің түсіндірудің теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнінің білмейінше оның номаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нрмасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін нысаны болып табылатын қоғамдық қатыныстар сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Міндеттеу әдісі; мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституцияның 18-бабында: «Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституцияның 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: « Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікк сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялык құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана колданылады. Қазакстан Республикасы Конституциясынын, 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде тиектеуге жол берілмейді». Конституиия заңда каралмаған әскерилендірілген құрамалар кұруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең колданады.
Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін колданылады. Мысал ретінде әркімнін, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардын, өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталык, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге зан шығару өкілеттігін беруге хакылы.
Қазақстан Республикасының конституциялык құқығы құқықтық реттеудің тағы бір әдісін - тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бүл әдіс объективті фактордан-адамдардың табиғи құкығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам кұқықтары мен бостандыктары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған карай анықталалды". Құкықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.