Көптеген жылдар бойы арнайы педагогика саласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа ғылыми салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі дефектологиялық зерттеулерде клиникалық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан зерттелген.
XX ғасырдың 90 – шы жылдарынан бастап екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы психология саласының бағыттары дербес дами бастады.
Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылады.
Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін, оның ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зертейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілерін құрастырады.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көзқарастар бойынша «коррекция», «қолдану» түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше», «жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.
Арнайы педагогика – педагогикалық білімнің құрамдас бір бөлігі болғанына қарамастан, көлемді ғылым саласы (латын тілінен аударғанда specialis – туыс, түр) деген мағынаны береді. Нақты түрдегі қабылданған анықтамасы, арнайы педагогика – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогиканың нысаны педагогикалық феномен ретінде қарастырылатын ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту процесі.
Арнайы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету жұмысының субъектісі – мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың пәні – арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі, дамудағы кемшіліктерді алдын алу, түзету мен жою, олардың әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық – педагогикалық жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.
Арнайы педагогиканың мақсаты – психикалық немесе дене дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру.
Арнайы педагогика білім беру жүйесіндегі мәселерді шешуде (П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, Т.Келлер, В.И.Лубовский, Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сулейменова, А.Грюневальд, К.Ван Рейвейк, В.Вейне , Р.Штайнер және т.б.) теориялық қағидалары мен ғылыми ілімдеріне сүйене отырып, негізгі міндеттерді теориялық және практикалық міндеттергі бөледі.
Теориялық міндеттері:
Практикалық міндеттері
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде жалпы педагогикалық түсініктерге сүйеніп, арнайы педагогиканың ерекшелігін анықтайтын арнайы терминологияны қолданады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда арнаулы білім беру саласында қолданылатын кейбір терминдерге анықтама беріледі.
Арнаулы білім беру жүйесі – мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру.
Мүмкіндігі шектеулі тұлға – жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде белгілі бір шектеушілік туындататын дене немесе психикалық ақауы бар тұлға.
Кемшілік – психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымның және ересектерге қатысты медициналық-сараптау кеңес беру қорытындысы бекіткен дене немесе психикалық кемшілік.
Дене кемістік – адам психикасы дамуының және немесе жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету арқылы қолдануды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік – адам психикасының дамуында анықталған уақытша немесе тұрақты түрдегі сөйлеудің эмоциялық-ерік аясының кемшілігі, оқытуда қиындықтар туғызатын психикалық дамудың кешеуілдеуі.
Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі;
Ерте қолға алу – психикалық және дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық дигностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану.
Әлеуметтік бейімдеу – әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдану процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Күрделі кемістік - күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі.
Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Арнаулы білім беру жағдайлары – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудегі арнаулы оқыту мен тәрбие жағдайлары.
Компенсация – (лат. сompensatio – өтеу, теңдестіру, толықтыру, орнын басу) – организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру, орнын толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.
Коррекция – (лат. сorrection – түзеу) – балалардың психикалық және дене дамуының кемшіліктерін түзетуге немесе оның салдарын жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі.
Коррекциялық процесс – дамудағы анықталған кемшіліктерді түзетуге бағытталған арнайы педагогикалық көмек түрлері немесе әлеуметтік ортадағы түзете – дамыта оқыту процесі.
Емдік педагогика – арнайы педагогикадағы көзқарастар жүйесін медициналық тұрғыда қарастыру.
Реабилитация – бұзылған функцияларды медициналық, әлеуметтік білім беру тұрғысынан қайта қалыпқа келтіру процесі.
Абилитация – ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды қалыпқа келтіру.
Скрининг – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды анықтау мақсатымен жүргізілетін жаппай стандартты түрдегі тексеру.
Мониторинг – білім саласындағы белгіленген процестің алға қойылған мақсат-міндеттерге сәйкестігін бақылау әдісі.
Педагогикалық зерттеу мен көмектің субьектісі – ерекше білімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогикалық көмек – арнаулы мамандардың басшылығымен ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар, ерекше білімді қажетсінетін балалардың жеке дамуын қамтамасыз етудегі оқыту мен тәрбиелеудің ерекше мазмұны, формалары, әдістері.
Халықаралық ғылыми қоғамдағы қабылданған терминдерге байланысты «аномальды бала», «аномальды даму» терминдері қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес дұрыс, нақты түрі дефектологиялық сөздіктерде «ерекше білімді қажет ететін тұлға» терминіне ауыстырылып, «мүмкіндігі шектеулі тұлға» терминімен қатар қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категориясын топтастыру төмендегідей сипатталады:
Қазіргі кезде дамудағы кемшіліктерді топтастырудың белгіленген нақты принциптері жоқ. Біздің мемлекетімізде арнайы психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде кеңінен таралған (М.В.Власова мен М.С.Певзнер, В.В.Лебединский, О.Н.Усанова, В.Л.Лапшин мен Б.П.Пузанов) зерттеулерінде ұсынылған топтастыруларды қарастырып көрейік.
М.В.Власова мен М.С.Певзнердің еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тобы төмендегідей сипатталады:
1.Сенсорлық кемшілігі бар балалар (есту қабілеті, көру қабілеті, сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған).
2. Психикалық дамуы тежелген балалар.
3. Астениялық немесе реактивтік жағдайдағы, конфликт жағдайындағы балалар.
4. Психопатиялық күйдегі(эмоциялық – ерік қасиеттері бұзылған) балалар
5. Ақыл-ой дамуы кешеуілденген балалар.
6. Психикалық аурулардың алғашқы белгілері анықталған (шизофрения, эпилепсия, истерия) балалар.
В.В.Лебединский зерттеулерінде дамудағы кемшілік психикалық дизонтогенез проблемасы негізінде топтастырылады:
1. Жалпы тұрақты бұзылу (мысалы, олигофрения).
2. Дамудың тежелуі (танымдық әрекет пен эмоциялық – ерік қасиеттерінің баялауы).
3. Организмнің зақымдануы (тұқымқуалайтын аурулар, ұрықтық даму кезіндегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі инфекция, интоксикация, орталық нерв жүйесінің соққы алуы).
4. Дамудағы кемшіліктер (анализаторлық жүйелердің – көру, есту, сөйлеу, тірек – қимыл аппаратының бұзылуы).
5. Белгілі психикалық функциялардың дамуындағы жеделдеу (ерте балалар аутизмі).
6. Дамудың дисгармониялығы, туа пайда болған немесе ерте балалық шақта пайда болған тұрақты психикалық зақымдалу (психопатия).
О.Н.Усанова дамудағы кемшілікті топтастыруды төмендегідей көрсетеді:
1. Органикалық зақымдануға байланысты анықталатын дамуында кемшілігі бар балалар.
2. Функционалдық жетіспеушіліктің әсерінен болатын дамудағы кмшіліктер.
3. Психикалық депривация жағдайындағы балалар.
В.П.Лапшин, Б.П.Пузановтың ұсынуы бойынша дамудағы кемшілікті топтастыру келесідей сипатталады:
1. Сенсорлық қабілеті бұзылған тұлғалар:
- көру қабілеті зақымдалған тұлғалар;
- есту қабілеті зақымдалған балалар;
2. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар.
3. Зиятының жетіспеушілігі бар тұлғалар (ақыл – ой дамуы кшеуілденген, психикалық дамуы тежелген балалар)
4. Тірек қимыл аппараты бұзылған тұлғалар;
5. Күрделі кемшілігі бар тұлғалар
Арнаулы білім беру жүйесін құруда, оның мүмкіндіктері мен тиімді жақтарына талдау жасауда, арнайы білім беру жүйесінің сапасын арттыруда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны, арнаулы білім беру мекемелерінің саны туралы мәліметтерге шолу жасаудың маңызы зор.
Арнайы педагогиканың пәндік салаларын төмендегідей топтастыруға болады:
Осы төрт негізгі бағыттан басқа қазіргі уақытта арнайы педагогика келесі бөлімдері бар:
5. Коррекциялық педагогика – жалпы білім беру бағдарламасын игеруде қиындықтар туындайтын, психикалық дамуының тежелуі байқалатын тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы. Бұл терминнің қолдануында шатасулар жиі кездеседі, өйткені кейбір әдебиеттерде «коррекциялық педагогика» терминнің «арнайы педагогика» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. Бірақ, соңғы кездегі әдебиеттерде «коррекциялық педагогика» термині көбінесе арнайы педагогиканың бір саласы, яғни психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін қамтитын сала ретінде қарастырылады. Біздің ұсынылған оқулықта «коррекциялық педагогика» терминін осы тұрғыдан қарастырамыз.
6. Тірек қимыл аппараты бұзылған тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.
7. Эмоциялық – ерік аясы бұзылған тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.
8. Дамуында күрделі кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.
Аталған пәндік салалардың барлығы баланың жас ерекшелік кезеңдеріне қарай сараланады. Арнайы педагогикада тарихи даму кезеңдеріндегі өзгерістерге байланысты мектеп жасындағы балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын кең түрде зерттелген. Ал, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі әлі де болса зерттелу және даму деңгейінде болып отыр. Отандық арнайы педагогика үшін жаңа бетбұрыстар орталық нерв жүйесі органикалық түрде зақымданған ерте жастағы балаларды (о-ден 3 жасқа дейінгі) ерте диагностикалау, оларға ерте көмек көрсету жұмыстарына бағытталып отыр.
Арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен ересектерді әлеуметтік-психологиялық қолдау мен арнаулы білім беру жүйесі әлі де даму жағдайында екені анық. Арнайы педагогика мен оның пәндік салалары аралас ғылым салаларымен: философия, тарих, жалпы педагогика, әлеуметтік педагогика, арнайы психология, медицина, әлеуметтену, лингвистика, психолингвистика, жаратылыстану ғылымдармен тығыз байланысты.
Арнайы педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерінің қатарын бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкета, тест әдістері құрайды. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу, бала әрекетін зерттеу әдістері жатады.
Арнаулы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасын қорытындылау үшін эксперименттік зерттеу әдістері маңызды болып табылады. Мұндай педагогикалық эксперимент жұмысы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
Ғылыми танымның негіздеріне байланысты арнайы педагогикадағы зерттеу әдістері теориялық таным әдістері мен эмперикалық әдістерге бөлінеді.
Теориялық таным әдістері: профессиограммалық сипаттау, модельдеу, аксиоматизация.
Эмпирикалық әдістер – бақылау, әңгімелесу, эксперимент (лабораториялық шынайы, қалыптастырушы және анықтаушы), психодиагностикалық әдістер (стандартты түрдегі тесттер, болжамдық тесттер, анкета, социометрия, интерьвю).
Арнайы педагогикада эмперикалық әдістер жиі қолданылады. Эмперикалық әдістерге сипаттама жасасақ
Бақылау әдісі – педагогикалық құбылыстарды, оқушыларды жүйелі түрде зерттеуде қолданылатын мақсатқа бағытталған, кең таралған эмпирикалық әдіс. Бақылау қорытындылары хаттамаға тігіледі.
Әңгімелесу – вербальды (сөздік) қарым-қатынас жасау негізінде ақпараттарды игеру әдісі. Педагогика мен психология саласында бақылау әдісімен тікелей байланысты қолданылатын әдіс. Мысалы, баланың ойын әрекетін бақылауда экспериментатор оның ойынына бақылау жасайды, сонан соң баланың сүйікті ойындары, ойыншықтары туралы баламен, содан соң ата-анасымен, тәрбиешілермен әңгіме жүргізеді.
Эксперимент – арнайы педагогикада көп таралған әдіс. Ол лабораториялық (арнаулы құралдардың көмегімен) және шынайы (қалыпты жағдайда) эксперимент болып бөлінеді. Эксперименттің көп тараған түрлері – анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент кезінде түзете – дамыта оқыту жағдайындағы баланың қарым – қатынасқа түсу, даму деңгейі, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі, эмоциясы зерттеледі. Эксперимент жеке және топтық түрде жүргізілуі мүмкін. арнаулы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуде пәндік салалар, олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталған арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері белгіленген.