Аспан шырақтардың орнын, қозғалысын зерттеу үшiн аспан координаталары жүйелерi енгiзiледi. Аспанда шырақтардың орнын көрсету үшiн екi шама берсе жеткiлiктi. Бұл шамалар - бұрыштық шамалар, оларды аспан координаталары деп атайды. Астрономияда қолданылатын координаттар жүйелерi: горизонттық координаттар жүйес i , 1 – экваторлық координаттар жүйес i , 2 – экваторлық координаттар жүйес i , эклиптикалық координат жүйес i және т. б. Координаттар жүйелерiнiң әрқайсысы белгiлi бiр жұмыстар үшiн ыңғайлы. Мысалы, горизонттық координаттар жүйес i – шырақтардың көрiнерлiк орнының координаталарын тiкелей өлшеу үшiн ыңғайлы. Экваторлық координаттар жүйелер i – уақытты өлшеуде және жұлдыз орындарының каталогтарын құрғанда ыңғайлы. (Х. Әбiшұлы каталогтарды – жұлдыз т i з i м i деп атаса, Н. Бекбасаров т i ркемдер деп атауды ұсынған). Э клиптикалық координаттар Күн центрiмен тығыз байланысты және Күн жүйесiндегi денелердiң қозғалысын зерттеуде қолданылады; галак тикалық координаттар жүйес i галактика центрiмен тығыз байланысты етiп алынған, сол себептi бұлар галактика құрамындағы жұлдыздар мен тұмандықтардың өзiндiк меншiктi қозғалыстарын зерттеуде пайдаланады. Сонымен әрбiр координат жүйесi белгiлi бiр физикалық инерциалды санақ жүйесiмен байланыстырылған: Жер центрiмен, Күн центрiмен, галактика центрiмен және т.с.с. және әрқайсысы белгiлi бiр мақсатта қолданылады.
Горизонттық координат жүйес i
Негiзгi шеңберi- математикалық горизонт ( матема тикалық не шын горизонт – Х. Әбiшев, математикалық көкжиек – Н. Бекбасаров). Негiзгi координаттар:
4 сурет. Горизонттық координат жүйесi.
Азимут А - S (оңтүстiк) нүктесiнен бастап, шырақтың биiктiк шеңберiне дейiнгi горизонт (көкжиек) сызығының доғасы. Ал биiктiк һ - горизонттан шыраққа дейiнгi биiктiк шеңберiнiң доғасы ( вертикал , тiктiк ).
Зениттiк қашықтық Ζ- зениттен шыраққа дейiнгi биiктiк шеңберiнiң доғасы.
Бiрiншi экваторлық координат жүйесi:
Негiзгi шеңбер – аспан экваторы. Негiзгi координаттар:
5 сурет. Экваторлық координат жүйелерi.
Екiншi экваторлық координат жүйесi: (5-сурет).
Негiзгi шеңбер - аспан экваторы. Негiзгi координаттар:
Тiк шарықтау α - көктемгi күн мен түн теңелу нүктесi γ-дан шырақтың сағаттық шеңберiне дейiнгi экватор доғасы. Аспанның тәулiктiк айналысы кезiнде бұл экваторлық координаттар өзгермейдi. Ал бiрiншi – экваторлық координат жүйесiнде өзгеретiнi – сағаттық бұрыш t. Сондықтан бұл координат жүйесi негiзiнен уақыт өлшеу жұмыстарында қолданылады. Екiншi – экваторлық координат жүйесi фундаменттiк астрометрияда жұлдыз орындарының каталогтарын және жұлдыздық карталарды құрғанда қолданылады.
Эклиптикалық координаттар жүйесi (6 сурет)
Негiзгi шеңбер – эклиптика шеңберi. Негiзгi координаттар:
Эклиптикалық бойлық
деп көктемгi күн мен түн теңелу нүктесiнен шырақтың ендiк шеңберiмен қиылысқанға дейiнгi эклиптиканың доғасын айтады(суретте λ әрпiмен белгiленген). Эклиптикалық координаттаржүйесi Күн жүйесiндегi денелердiң қозғалысын сипаттау үшiн қолданылады.
Эклиптикалық координаттар жүйесi Күн жүйесiндегi денелердiң қозғалысын сипаттау үшiн қолданылады (6-сурет).
Сонымен осы бөлiмде негiзгi координат жүйелерi қарастырылған. Бұдан басқа жүйелер де баршылық, бiрақ олар жеке-жеке есептерде қолданылатындықтан, олардың бәрiн келтiрудi жөн көрмедiк.
6 сурет. Эклиптикалық координат жүйесi