Қазіргі ғылымның кез келген бағыттары сияқты жасанды интеллектің даму тарихы өте бай.
Автоматтандырылған технологиялардың кең дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасанды интеллектің негізгі теориялық қағидалары дәл сол заманда орнықты деп айтуға болады.
Жасанды интеллект теориясында салмақты өзгерістер мен жетістіктерді алдымыздағы он-жиырма жылда күтуге болады.
Кезең | Шешілетін міндеттер | Ғалымдар және инженерлер | Техника |
Машиналардың алдыңдағы (XVII ғ.) | Есептерді (көбінесе, арифметикалық) автоматтандыру | Г. Лейбниц, Б. Паскаль | Арифмометр, логарифм сызғышы және т.с.с. |
Механикалық және механика-электр есептеуіш машиналар (XIX ғ. – XX ғ. ортасы) | Есеп жүргізу (тауарларды есепке алу, халық санағы, ғылым). Хабарларды шифрлеу | Ч. Бэббидж және А. Лавлейс, Г. Голлерит, П. Чебышев | Голлерит машинасы, электржетегі бар арифмометр, «Энигма» шифрлеу машинасы |
Алғашқы ЭЕМ (XX ғ. 40 жылдарынан бастап) | Бірталай деректерді енгізу, сақтау, өңдеу | Фон Нейман (теориялық негіздері), Кодд Э. (реляциялы деректер базасы, 60 жылдар). | ENIAC (АҚШ, ядролы бағдарлама үшін есептер). Мейнфреймдер, ЕС ЭВМ (70 жылдары) |
Алғашқы басқарушы есептеуіш машиналар (XX ғ. 50 жылдарынан бастап) | Техникалық қарапайым заттардың, күрделі жүйелердің параметрлерің басқару және бақылау. | Н. Винер (теориялық негіздері), К. Шеннон, Д. А. Поспелов | Икемделген ЭЕМ, космос ракеталарын жүргізу жүйелері (ҚСРО) және т.б. |
Басқарушы есептеуіш кешендер (XX ғ. 70 жылдары) | Ірі техникалық жүйелердің ақаулықтарын автоматты түрде диагностикалау. | Р. Белман, Л. С. Понтрягин, М. Мински | Есептеуіш өлшеу кешендер СМ ЭВМ (PDP- 11). Автоматтандырылған жобалау жүйесі, микро- ЭЕМ |
Дербес компьютерлер және үлкен ЭЕМ (XX ғ. 80 жылдарынан бастап) | Көпөлшемді деректерді талдау, болып кеткен оқиғалардың себебін іздеу, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарды іздеу | Аристотель, Дж. Буль, Л. Заде, М. Мински, С. Пейперт, Р.Кини, Х. Райфа, Р. Ковальски, және басқалар. | Микро-ЭЕМ PDP-11, IBM/370, дербес компьютерлер IBM286, 386 және т.б. |
1.1-кесте
«Жасанды интеллект» ұғымы
1-ші анықтама. Ақпаратты кіруінің күйіне тәуелді, мақсатқа бағытталған іс-әрекет параметрлерінен басқа, өзінің мінез-құлқын өзгертетін жүйе интеллектуалды деп аталады
Мінез-құлқының тәсілі ақпаратты кіруінің ағымды күйіне ғана емес, жүйенің алдыңғы күйлеріне де тәуелді болады.
2-анықтама. Адамның ойлауын компьютерде модельдейтін жүйе интеллектуалды деп аталады.Екінші анықтама 60 жылдары пайда болды, ол кезде адам миындағы процестерді компьютер көмегімен модельдеуге болады деп есептелетін.
Ми талшықтары – нейрондар – арнайы математикалық әдістермен бағдарламалы түрде сипатталатын. Осымен, компьютерлік бағдарлама адам миының тілімі деп келтірілетін.
Бағдарламаның кіруіне кейбір мәліметтер берілетін (жанды организмде электр сигнал беріледі), шығуында алынған нәтижелер үлгі- нұсқамен салыстырылатын. Осыған байланысты, егер нәтижелер үлгі-нұсқауға сәйкес болмаса, есептік коэффиценттер өзгертілетін.
Жасанды интеллект (ЖИ) – адамдардың құзыретіндегі ерекше шығармашылық әрекеттерді орындайтын интеллектуалды машина.
Сондай-ақ «Жасанды интеллект» термині ғылым мен зияткерлік машиналарды жасау технологиясын білдіреді.
Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық ғалым Джон Маккарти ұсынды.«Аrtificial intelligence» сөз тіркесіндегі «intelligence» сөзі «саналы түрде ойлана алу білігі» деген мағынаны береді.
Терминдер және анықтамалар
Интеллектуалды бағдарламаны процедуралық деректер базалар және бағдарламау теория көмегімен ғана жасау мүмкін емес.
Егер деректер базасына барлық кездескен жағдайларды енгізетін болсақ, бағдарлама одан интеллектуалды болып қалмайды.
Білімдер – жасанды интеллектің негізгі атау сөзі. Қарапайым түрде білімдерді деректер элементтерінің арасындағы арақатынастар деп анықтауға болады.
Мысалы, машинаның кіруіне берілген сөйлем: «Арман Әсемді жақсы көреді». Мұндағы Арман мен Әсем – мәліметтер. Жақсы көреді – арақатынас.
Мысалды қарастырайық. Адам сағатқа қарайды. Нені ол көреді? Мәліметтерді? Ақпаратты? Білімді? Адамның іс-әрекетін бақылайық. Көз циферблатқа қарап тұр. Миға электр сигнал түседі. Соңында адам ойланып түсінеді. Мақсат – жасанды интеллект жүйесінің негізгі сипаттамасы. Жасанды интеллект жүйесінің (интеллектуалды бағдарлама) дәстүрлі бағдарламадан айырмашылығы – мақсаттылық қасиетінде.
Интеллектуалды бағдарламаларда мақсат ретінде көбінесе, жүйенің берілген күйге ауысу талаптары тапсырылады, ал тиімділік критерий ретінде
Шешімнің қадам саны. Әрине, бастапқы күйді көрсетпей мақсатқа жету көбінесе мүмкін емес
Жасанды интеллектің қазіргі зерттеу салалары
Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып тану, ойлауды еліктеу және т.с.с.
Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және т.б.
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген үлкен және өте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды оңайлату және адамның жұмыс көлемін азайту үшін пайдаланушымен мағыналы сұхбат жүргізу.
Роботтық техника
«Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және өзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар.