§ 1.2 Параллель проекциялау әдісі

Параллель проекциялау әдісін салу үшін келесі мысалды қарастырайық. Кеңістікте орналасқан АВ кесіндісі мен кескінделуші П 0 жазықтығы берілсін. Осы кеңістікте орналасқан АВ кесіндісінің А және В төбелері арқылы өзара параллель өтетін кескінделуші сәулелер жүргізейік. Бұл сәулелер кескінделуші П 0 жазықтығын екі 0 және В 0 ) нүктеде қиып өтеді. Осы А 0 және В 0 нүктелерін өзара қоссақ, онда біз кеңістікте орналасқан АВ кесіндісінің кескінделуші П 0 жазықтығындағы проекциясын табамыз.





Егер кескінделуші сәулелер (s) өзара параллель болса, онда мұндай проекция әдісін параллель проекциялау әдісі дейді (2-сурет). Параллель проекциялау әдісі кескінделуші П 0 жазықтығына сәулелердің кескінделулеріне байланысты екі түрге бөлінеді.

Егер кескінделуші сәулелер П 0 жазықтығына сүйір немесе доғал бұрышпен кескінделсе, онда параллель проекциялау әдісін қиғаш бұрышты параллель проекциялау әдісі дейді (2-сурет).

Ал егер кескінделуші сәулелер П 0 жазықтығына тік бұрышпен кескінделсе, онда параллель проекциялау әдісін тік бұрышты параллель проекциялау әдісі дейді (3-сурет).

Тікбұрышты параллель проекциялау әдісінің дербес түрі сандық белгілері бар проекциялар әдісі (4-сурет).







Егер кеңістікте орналасқан нәрсенің (заттың) горизонталь (көлденең) немесе нольдік деңгейлі жазықтығына 0 ) тікбұрышты проекциялау әдісімен кескінделген кескіні сан арқылы белгіленген болса, онда кескінделу әдісі сандық белгілері бар проекциялар деп аталады. Бұл проекциялау әдісінде горизонталь (көлденең) немесе нольдік деңгейлі жазықтығында П 0 орналасқан геометриялық элементтің кескінінің жанына оның осы жазықтық пен кеңістікте орналасқан элементтің ара қашықтығын, яғни оның биіктігін көрсететін санды жазып қояды. Мысал ретінде, 4-суретте көрсетілгендей кеңістікте орналасқан АВ кесіндісін аламыз. Кесіндінің А және В төбелерінен көлденең П 0 проекция жазықтығына перпендикуляр сәулелер түсіреміз. Осы сәулелер көлденең П 0 проекция жазықтығын қиып өтеді. Табылған нүктелерді латынның бас әрпімен белгілеп, әріптердің астыңғы жағына санмен осы қиылысқан нүктелер мен түзу төбелерінің ара қашықтығын жазып қояды.

Егер табылған қиылысу нүктелерін өзара қоссақ, онда кеңістікте орналасқан АВ түзу сызығының көлденең П 0 проекция жазықтығындағы сандық белгілері бар проекциясы болып табылады.