1. Экологияны ғылым ретінде анықтау, экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері

Экология – салыстырмалы жас және тез дамып келе жатқан биология ғылымының бір бөлімі – ағзалардың бір-бірімен және тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын зерттейді.

«Экология» терминін (грек тілінде oikos – тұрғын үй, тiршiлiк ету ортасы және logos – ғылым) Э. Геккель «Ағзалардың жалпы морфологиясы» кітабында 1866 жылы ұсынды және грек тілінен тікелей аудармасы ғылым немесе үй шаруашылығы дегенді білдіреді. Әр түрлі деңгейдегі ағза жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмысын зерттейтін ғылымды Геккель осылай деп атады: олар түрлер, популяциялар, биоценоздар (қауымдастықтар), экожүйе (биогеоценоз) және биосфера. Бастапқыда бұл термин органикалық эволюция мен қоршаған ортаның процесінде қалыптасқан тұрақты және ұйымдастырылған өсімдік және тірі қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттесу процестерін зерттеу кезінде пайдаланылды.

Осы 20 ғасырдың алғашқы он жылдығында «экология» сөзі өте шектеулі пайдаланылды. Ол сөз көпшілік үшін белгісіз қалды. Ол атауға байланысты ұғымдар, ол заманда өзекті және қажетті бола қойған жоқ. Кеңес билігінің 50 жылдығына арналып жарияланған

«КСРО-дағы биологияның дамуы» (1967) кітабында «Экология» бөлімі жоқ. Энциклопедиялық сөздікте (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы, 1955 ж. басылымы,) Экология «организм (жануар немесе өсімдік) мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейтін ғылым» ретінде анықталады, энциклопедиялық сөздікте (ҮКЭ, 1964 ж. басылымы,) егжей-тегжейлі анықтамасын берді, бірақ экология, зоология және ботаника бөлімдері ретінде ғана көрсетілген. Шағын Кеңес энциклопедиясында (1960) өсімдіктер экологиясы мен жануарлар экологиясына бөлек мақалалар ғана беріледі. Осылайша, ХХ ғасырдың бірінші жартысында, экология таза биологиялық зерттеулер шегінен шыққан жоқ. Яғни, адам мәселелерін және оның қоршаған ортасын қорғау мәселелерін қамтыған жоқ.

Экологияның ғылым ретінде көптеген анықтамалары бар, бірақ қазіргі заманғы зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірінше, экология – тірі организмдердің өмір сүру жағдайын, организмдердің өзара және олар тұратын қоршаған орта арасындағы байланысын зерттейтін ғылым. Экология ұғымы – өте ауқымды ұғым, сондықтан алға қойылған міндетке байланысты тұжырымы өзгеріп отырады. «Ұзақ мерзімді пайдалану» үшін дұрыс анықтама, мысалы: «Экология – бұл қоршаған ортаның биологиясы» болуы мүмкін.

Бір-бірімен бәсекелес авторлар дәлдік пен қысқа тұжырымдама үшін жарыса отырып, тіпті Э. Геккельдің ғылымға берген кешенді анықтамасын ұмытып кетеді: «Экология дегеніміз – табиғат экономикасына қатысты білім жиынтығы деп түсінеміз: жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын оның жиынтығымен (органикалық және бейорганикалық), және ең бастысы – оның басқа жануарлар мен өсімдіктердің арасындағы бәсекелестік, тікелей немесе жанама қарым-қатынастарын» толық зерттеу. Бір сөзбен, экология – Дарвин айтқандай, тіршілік үшін күресте пайда болатын жағдайлардың күрделі қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады.

Сонымен, экология мақсаты организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты немесе қарым-қатынастар құрылымын зерттеу болып табылады. Экология саласындағы зерттеудің негізгі объектісі – экожүйе, яғни тірі организмдер мен олардың қоршаған ортасы қалыптастырған ортақ табиғи жүйелер. Сонымен қатар, оның құзыреті салаларына организмдердің жекелеген түрлерін зерттеу (организмнің деңгейі), олардың популяциясы, яғни сол түрлердің жиынтығын қамтитын (популяция-түр деңгейі) және тұтастай алғанда биосфераның (биосфералық деңгейі) жиынтығы кіреді.

Қазіргі заманда әр түрлі ғылымдарды экологизациялау кең етек алған. Ол деген сөз технологиялық, басқару және басқа да шешімдерді тұрақты және дәйекті іске асыру арқылы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және сонымен қатар, қоршаған ортаны жақсарту немесе, кем дегенде жергілікті, өңірлік және жаһандық деңгейде қоршаған ортаның сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Өндіріс технологиясын экологизациялау деген түсінік бар, оның мәні таза өндірістік технологиялық шараларды қолдану арқылы қоршаған ортаға өндірістік процестердің жағымсыз әсерін болдырмау. Экологизация технологиясын іске асыру – аз қалдықты технология немесе технологиялық тізбектерді жасау арқылы зиянды шығарындыларды ең аз мөлшерде беру болып табылады.

Осыған байланысты, экологияның қоршаған ортадағы тірі организмдердің өзара қарым-қатынасы туралы биологиялық экологияның ғылым ретіндегі бастапқы түсінігі жойылады да, бірқатар ғылыми салаларға , яғни, пәндерге бөлінді.

1 сурет. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы

Экология алдына қойған міндеттерге байланысты жалпы сала әр түрлі организмнен жоғарғы жүйелердің ұйымдастырылуы және оның жұмыс істеуі негізгі принциптерін зерделеу үшін, жеке сала – таксономикалық дәрежесіндегі нақты топтарын зерттеу болып бөлінеді. Популяциялық экология – бірге тіршілік ететін ортақ аумағы және генофонды бар топтасқан бір түрдің популяциясын зерттейді. Қауымдастық экология – бір аумақта тіршілк ететін әр түрлі популяцияның табиғи қауымдастықтар құрылымын және динамикасын зерттейді. Синэкология – экожүйелерді зерттейтін жалпы экологияның бөлімі.

Жер планетасының экологиясын планета ретінде зерттейтін жаһандық экология қарқынды дамып келеді, оның негізгі зерттеу нысаны жаһандық экожүйе ретінде болып табылатын Биосфера. Қазіргі уақытта «адамзат қоғамы мен табиғат» қарым-қатынасын зерттейтін әлеуметтік экология сияқты арнайы пәндер пайда болды және оның бөлігі – адам экологиясы (антропоэкология), биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның сыртқы әлеммен өзара қарым – қатынасын зерттеумен айналысады –бірімен өзара тығыз байланысты және әрекеттесетін элеме

Қазіргі заманғы экология – саясат, экономика, құқық, (халықаралық құқықты қоса алғанда) психология және педагогикамен тығыз байланысты, өйткені тек солармен одақта ғана ХХІ ғасырға тән ойлау технократиялық парадигмасын жеңуге және экологиялық ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру арқылы халықтың табиғатқа деген мінез-құлқын түбегейлі өзгертуге болады.

Ғылыми және практикалық көзқарас арқылы экология бөлімін теориялық және қолданбалы түріне бөлуге болады.

Теориялық экология өмірді ұйымдастырудың жалпы заңдылықтарын ашады.

Қолданбалы экология адамның биосфераны жоюдағы тетіктерін зерттейді, осы процесті болдырмау жолдарын және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану принциптерін әзірлейді. Қолданбалы экологияның ғылыми негізі – жалпы экологиялық жүйе және оның ережелері мен принциптері болып табылады.

Жүйелер бөліктері өзара тығыз байланыста болып табылатыны ретінде экологиялық құбылыстарды талдауды жоспарлау кезінде көптеген факторларды назарға алу керек. Жүйе бір-бірімен өзара тығыз байланысты және әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.

Жүйе – оның физикалық, биологиялық, химиялық немесе аралас элементтердің қасиеттерімен сипатталады. Жүйенің құрылымы – элементтерінің өзара әрекеттесуіне байланысты, ол оның жаңа сипаттамаларын – эмерджменттілікті туындатады. Жүйелердің үш түрі бар:

  1. мүлде жабық – затпен де;
  2. энергиямен де көршісімен алмаспайды;
  3. жабық – тек энергетикалық алмасуы бар;
  4. ашық – көршісімен затпен де, энергиямен де алмасады.

Барлық дерлік табиғи экожүйелер ашық түрде болады.

Экологияның негізгі міндеттері – популяция динамикасын зерттеу, биоценоз бен экожүйені оқыту болуы мүмкін. Қоршаған ортаны игеруді қалыптастыру кезеңінде биоценоз құрылымы өмірлік ресурстарды неғұрлым үнемді және толық пайдалануды жаратуға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, негізгі теориялық және практикалық экологияның міндеттері осы процестердің заңдылықтарын ашу және біздің планетаны сөзсіз индустрияландыру және урбанизация кезеңінде оларды басқаруды үйрену болып табылады.

Экологияның стратегиялық міндеті жаңа көзқарас негізінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым – қатынас теориясын дамыту арқылы адамзат қоғамын биосфераның құрамдас бөлігі ретінде көру болып табылады.

Осылайша, экология болашақта ең маңызды ғылымның бірі болады, «бәлкім, планетада адамның болуы оның дамуына байланысты болады» (Ф.Дре, 1976).

Экология ғылымы өзінің даму тамырымен сонау өткен заманға жатады. «Жануардың қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға байланысын» анықтау білімінің қажеттілігі өте ерте уақытта пайда болды. Организмдердің өмір сүру ортасының маңыздылығы мен белгілі бір мекендеу орындарына үйренгендігін талқылаған Аристотель (біздің э.д.384-322), Үлкен Плиний (біздің э.д.23-79), Р. Бойль (1627-1691) және т.б.еңбектерінің әр қайсысын еске алсақ та жеткілікті.

Экология ғылымының даму тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы (ХІХ ғасырдың 60-жылдарына дейін). Бұл кезеңде тіршілік ету ортасының қоршаған ортамен тірі организмдердің өзара қарым-қатынасы туралы деректер жинақталды, яғни бұл кезде бірінші ғылыми жалпылаулар болды.

XVII-XVIII ғасырларда жинақталған көптеген биологиялық сипаттамалар экологиялық ақпараттардың елеулі үлесін құрады (А. Реомир, 1734;. А. Трамбле, 1744 жылы, және т.б.). Экологиялық мазмұндағы зерттеу элементтері орыс ғалымдары И.И. Лепехиннің, А.Ф. Миддендорфтың, С.П. Крашенниковтың, француз ғалымы Ж.Бюффонның, швед табиғаттанушы К.Линнейдің, неміс ғалымы Г. Йегердің және басқалардың еңбектерінде кездеседі.

Сол кезеңде, бірінші рет Ж. Ламарк (1744-1829) және Т.Мальтус (1766-1834) адамның адамзатты пен табиғатқа әсерінің теріс салдары болу ықтималдығын ескертті.

Екінші кезең – экологияның білімнің тәуелсіз тармағы ретінде құрылуы (ХІХ ғасырдың 60-шы жж. кейін). Алғашқы кезең алдымен орыс ғалымдары К.Ф. Рулье (1814-1858), Н.А. Северцов (1827-1885), В.В. Докучаевтың (1846-1903) осы күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған экология принциптері мен бірқатар тұжырымдамалары бар еңбектерінің шығуымен байқалды. Сондықтан, американдық эколог Ю.Одум (1975) экология негізін қалаушылардың бірі деп В.В. Докучаевты санайтыны да кездейсоқтық емес.

XIX ғ. 70-шы жылдары неміс оқымыстысы К. Мебиус (1877) биоценозды организмдердің табиғи ортадағы заңды байланысы ретінде ең маңызды деген тұжырымдамасын таныстырды.

Экология негіздерін дамытуға органикалық әлем эволюциясының негізгі факторларын анықтаған Ч.Дарвин (1809 – 1882) баға жетпес үлес қосты. Ч.Дарвиннің жазған «Тіршілік үшін күресін» эволюциялық тұрғыдан тірі организмдердің сыртқы абиотикалық қоршаған ортамен және бір-бірімен, яғни, биотикалық деп аталатын ортамен қарым-қатынасы ретінде деп түсіндіруге болады.

Экология тәуелсіз ғылым ретінде 20 ғасырдың басында қалыптасты. Осы кезеңде, американдық ғалым Ч.Адамс (1913) алғашқы экологиялық түйін жасайды, басқа да маңызды қорытындылар мен баяндамалар жарияланады. Жарияланғандары (В.Шелфорд, 1913, 1929; Ч. Элтон, 1927; Р. Гессе, 1924; К. Раункер, 1929 және басқалары). ХХ ғасырдағы ең ірі орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы іргелі ілім жасады.

Экология 30-шы және 40-шы жылдары табиғи жүйелерді зерттеуге жаңа көзқарас нәтижесінде одан да жоғары деңгейге көтерілді. Алдымен A.Тенсли (1935) экожүйе туралы түсінікті алға салса, кейінірек В.Н. Сукачев (1940) осыған жақын биогеоценоз түсінігін негіздеді. Осы 20-40-шы жылдары Отандық экологияның жоғары деңгейде болғанын атап өткен жөн, әсіресе, іргелі зерттеулер саласында әлемдегі ең озықтардың бірі болды. Осы кезеңде Кеңестер Одағында академиктер В.И. Вернадский және В.Н. Сукачев, ірі экологтар В.В. Станчинский, Э.С. Бауэр, Г.Г. Гаузе, В.Н. Беклемишев, А.Н. Формозов, Д.Н. Кашкаров және т.б. басқалары жұмыс істеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоршаған ортаның прогрессивті ластануына және адамның табиғатқа әсерінің күрт артуына байланысты экология ерекше маңызға ие болды.

Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың 50 ж. – осы уақытқа дейін) – экология табиғи ортаны және адамды қоршаған ортаны қорғау туралы кешенді ғылымға айналды. Экология қатаң биологиялық ғылымнан «ғылымның география, геология, химия, физика, әлеуметтану, мәдениет теориясы, экономика тәрізді аймақтарын сіңірген айтарлықтай білім цикліне айналды...» (Реймерс, 1994).

Экология дамуының қазіргі заманғы кезеңі – әлемдегі Ю.Одум, Дж.М. Харпер, Р.Уиттекер, Н.Борлауг, Т.Миллер, Б.Небел және басқалары сияқты ірі шетелдік ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Отандық ғалымдар арасында И.П. Герасимов, А.М. Гиляров, В.Г. Горшков, Ю.А. Израэл, Ю.Н.Куражсковский, К.С. Лосев, Н.Н.Моисеев, Н.П. Наумов, Н.Ф. Реймерс, В.В. Розанов, Ю.М. Свирижев, В.Е. Соколов, В.Д. Федоров, С.С. Шварц, А.В. Яблоков, А.Л. Яншин және басқаларды атауға болады.

Ресейде алғашқы табиғатты қорғау актілері IX-ХІІ ғғ белгілі (оған мысалы, Ярослав Мудрыйдың аң аулау мен алаптарды қорғау ережелері бекітілген «Русская Правда» заңдар жиынтығын айтуға болады). XIV-XVII ғасырларда Ресей мемлекетінің оңтүстік шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрі болған «орманға» кесу тыйым салынған.

Тарихта І Петрдің 60-тан астам табиғат жарлықтары сақталған. Оның кезінде Ресейдің бай табиғи ресурстарын зерттеу басталды. 1805 жылы Мәскеуде, табиғат сақшылары қоғамы құрылды. ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында сирек кездесетін табиғи объектілерді қорғау үшін қозғалыс пайда болды. В.В. Докучаев, К.М. Бэр, Г.А. Кожевников, И.П. Бородин, Д.Н. Анучин, С.В. Завадский және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектері арқылы қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері жасалынды.

Кеңес мемлекетінің табиғатты қорғау қызметі 1917 жылдың 26 қазанындағы «Жер туралы жарлықтан» бастап елдегі табиғатты пайдалану негіздерін қалаған алғашқы жарлықтарының шығуымен тұспа-тұс келді.

Тап осы кезеңде табиғатты қорғаудың негізі түрі – табиғатты қорғау қызметі заңнамалық өрнек алады.

Қазіргі уақытта әлемнің түрлі елдері мен аймақтарының экологиялық ахуалдары экономикалық даму мен өндіріс құрылымына сөзсіз тәуелділік орнады. Экология саласының құрамдас бөлігі – адамның қоршаған ортасы туралы ғылым және оның қолданбалы филиалдары тез қарқынмен дамуда. Экология – өткір адамзат проблемаларының ортасынан табылып отыр. Мұны 60-шы жылдар мен 70-жылдардың басында В.А. Ковданың жер ресурстарына техногендік әсер зерттеулері, Н.Н.Моисеевтің

«Ядролық қыс» үлгісі бойынша жобалау жұмыстары, М.И.Будыконың климат пен жаһандық қоршаған ортаға техногендік әсер туралы еңбектері растады. Халықаралық Өмір институтының жұмыстары және бірқатар көрнекті ғалымдардың, атап айтқанда, мұхиттарды зерттейтін көрнекті ғалым Ж.И. Кустоның, экономист және эколог Морис Стронгтың, Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ комиссиясын (WCED) басқарған Норвегия Премьер-Министрі Г.Х.Брундтландтың сөйлеген сөздері арқасында түрлі елдердің саяси қайраткерлерінің назары экономикаға аударылды. Осы Комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» (1987) баяндамасы айрықша маңызға ие болды.

2. Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру

Экологизациялау экологиялық апатты болдырмау мақсатында ғылым мен тәжірибені біріктірудегі қоғам қажеттілігін қанағаттандырады. Экология және адамды қоршаған орта проблемасына түрлі ғалымдардың назар аударуы көптеген практикалық міндеттерді қоюды және шешуді қамтиды. Экология, тар шеңбердегі таныс биологияның жеке бөлімінен ауқымды, іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндері қалыптасып болмаған, Н.Ф.Реймерс (1992) мегаэкология деп атаған, яғни «Үлкен экология» деп атаған кешенді пәнге айналды. Қазіргі кезеңде макроэкология термині қолданылады. (2-сурет.)

Биоэкология Геоэкология Адам экологиясы Әлейметтік экология Қолданбалы экология
Аутэкология Құрлық Қала экологиясы Жеке адам экологиясы Өнеркәсіптік
Синэкология Тұщы су Халықтар экологиясы Адамзат экологиясы Технологиялық
Популяциялық экология Теңіз Экологиялық сәулет Мәдениет экологиясы Ауыл шаруашылық
Биогеоценология Жағары таулы Этноэкология Медициналық
Ғаламдық Кәсіпшілік
Өсімдіктер Химиялық
Жануарлар Реакрациялық
Микроорганизмдер Геохимиялық
Су ағзалары Табиғатты пайдалану

2 – сурет. Қазіргі заманғы экология құрылымы

Қазіргі уақытта, табиғатпен қарым-қатынастардың ретсіз дамуы жеке объектілер, аумақтар, елдің, т.б. барлық адамзат үшін қауіпті болып табылады.

Бұл адам баласының өзі шыққан табиғат тегімен, материалдық және рухани қажеттіліктерімен тығыз байланыста екендігімен түсіндіріледі. Және де осы байланыстардың басқа да организмдердің байланысынан айырмашылығы, яғни жердің тіршілік қабығын (биосфераны) түгелге дерлік қазіргі қоғамның тіршілік қажетіне жаратуы бүкіл адамзатты экологиялық апат шегіне жеткізіп қойды.

Өмірде болып жатқан зілзалаларды қалай басқару туралы және оқиғалардың қоршаған ортаның жағдайында стихиялы түрде дамуын тоқтатуға, тек қана білім көмектеседі және осы білім адамдардың «массасына таралуы керек», кем дегенде, қоғамның көп бөлігін қамту керек. Ол үшін мектеп қабырғасынан бастап ЖОО дейін жалпы экологиялық білім берумен қамту арқылы жүзеге асыруға мүмкін болады.

Экологиялық білім әр адамға керек-ақ, себебі әлем ойшылдарының сан жылдар бойы көптеген ұрпақтарының армандаған – адамға лайықты қоршаған ортаны құру арманы шынайы болу үшін қажет еді, ол үшін тамаша қалалар салу қажет, адам мен табиғаттың үйлесімін (гармония) қамтамасыз ете алатындай өндіргіш күштерді тамаша дамыту арқылы орналастыру болып табылады. Егер де адамдар бір-біріне дұшпан болса, өкінішке орай, қазіргідей соғыс өрті орын алып тұрса, бұл үйлесімнің болуы мүмкін емес. Кезінде 70-шы жылдары Америка экологы Б.Коммонер мынаны әділ атап өтті: «Егерде қоршаған ортаға байланысты кез келген проблемалардың көзін іздеп, дағдарыстың себептерін анықтау арқылы адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынастары туралы даусыз ақиқатқа келуі керек және соңында, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке, яғни бейбітшілікке жету үшін адамдар өз арасында татулыққа қол жеткізуі тиіс».

Адамзат қоғамының дамуы табиғат эволюциясының бөлігі ретінде қарастырылады, себебі экологиялық лимит, экологиялық қайтымсыз және іріктеу заңдары өз күшінде болып табылады. Адамның қоршаған ортамен проблемаларының пайда болуы негізінен антропогендік деп аталады, яғни адам баласының биосфераның реттеуші функцияларын бұзуы себепті жинақталған. Соңғысын техникалық жолмен қалпына келтіру немесе өзгерту мүмкін емес. Адамзаттың прогресі экологиялық императивпен - табиғат заңдарына бағыну талабымен шектеледі. Бұл биоцентрикалық немесе экоцентрикалық тәсіл, шын мәнінде экологиялық мәселелердің ортасына тірі табиғат жағдайы мен оның тұрақтылығын, яғни биосфераны қою болып табылады.

Осы екі таңдау арасындағы көзқарастар, немесе олардың арасында ымыраға келу негізінен адамзат қоғамының одан әрі даму жоспарының стратегиясын айқындайды. Қарапайым адамдардың көпшілігі әлі күнге дейін экологиялық көріністің антропоцентристік көзқарасына бейім, өйткені ол әрі қарапайым, әрі оптимистік және адамзаттың бұрынғы тәжірибесіне негізделген. Алайда, қазіргі уақытта, экоцентризм пайдасына өте күшті дәлелдер қазірдің өзінде бар, оны елемеуге болмайды.

Бірақ, бүкіл экологияны жалғыз адам «айналасына» ғана құру әділетсіздік болар еді. Иә, біз жоғарыда көрсеткендей, шын мәнінде экология барлық тірі заттардың қоршаған ортасымен және организмдердің өзара байланысын зерттеу міндеттерін шешу үшін пайда болды. Адам да – сондай ағза, оны сол жануарлар мен жабайы өсімдіктерден оқшаулау – оның ағзасының денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Үй жануарлары мен өсімдіктерінің жабайы табиғатты толық ауыстыруы мүмкін емес. Қоршаған табиғи ортаны өзгерту, әсіресе оны жою, адам өмірі үшін қауіпті жағдайға әкеп соғады.

3. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы және «Тұрақты даму» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы экологияның рөлі

«Тұрақты даму» тұжырымдамасын жасау ғылыми білімді экологизациялау мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың 1970-ші жылдан бастап тез дамыған логикалық жалғасы болды. Адам өмірінің негізі болып табылатын экологияның экономикалық және кез келген қызметіне, шектеулі табиғи ресурстары мәселелеріне, сондай-ақ, қоршаған ортаның ластануына, 70-ші жылдарда бірнеше ғылыми еңбектер арналды. Мұндай орынды алаңдауға жауап ретінде жер бетінде жаһандық процестерді зерттеу үшін халықаралық үкіметтік емес ғылыми ұйымдардың – Перспективалық Зерттеу Институттарының Халықаралық Федерациясы (ИФИАС), Рим клубының (оның атақты «даму шектері» баяндамасымен), Жүйелік талдаудың Халықаралық институтының және КСРО-да Жүйелі Зерттеулердің Бүкілодақтық институтының құрылуы болды.

Біз 21 ғасырда, адамзат дамуының жаңа кезеңінде өмір сүрудеміз. Бұл біздің өз іс-әрекетімізде үлкен жауапкершілікті талап етеді. 1972 жылы Стокгольмде өткен Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ конференциясы әлемдік қауымдастық мәселелеріне барлық мемлекеттердің назарын аударды және болашақтағы дамудың жаңа жолын Тұрақты даму тұжырымдамасын ұсынды. Бұл түсінік Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау және даму комиссиясының баяндамасынан кейін пайдалануға енді. Мұнда мынадай анықтама берілді: «Тұрақты даму бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін орындай отырып, болашақ ұрпақ қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін сақтау болып табылады». Бұл тұжырымдама бүкіл мемлекеттерге, жиі деструктивті даму процесстерінен кетуге және тұрақты даму бағытына қарай қозғалыс бастауына мүмкіндік беруі тиіс. Оның негізгі шарттарын төмендегідей белгілеуге болады: сапаның саннан басымдығы (сандық тұтынудан сапаға көшу); биологиялық және мәдени әралуандылықты сақтау; табиғатты пайдалануды экологиямен үйлестіру. 1992 жылдың маусымында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Екінші БҰҰ Конференциясында Күн тәртібіндегі бес ірі құжат бекітілді және қабылданды.

1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта және адам туралы конференциясын Стокгольмде өткізу және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасын құру (ЮНЕП) мемлекеттердің экономикалық дамуын тежейтін әлеуметтік экологиялық проблемаларды шешуге арналған халықаралық қоғамдастықтардың мемлекеттік деңгейде қосылуы үлкен маңызға ие болды. Экологиялық саясат және дипломатия, экологиялық құқық дами бастады. Жаңа институционалдық компоненттер – қоршаған орта министрліктері мен ведомстволары пайда болды.

Теория мен практика экологиялық құрамдастың адамзат дамуының ажырамас бөлігі болып табылатынын көрсетті. Қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық комиссияның қызметі мен оның «Біздің ортақ болашағымыз» атты қорытынды баяндамасының негізі боп тұрақты (экологиялық және әлеуметтік-экономикалық) дамудың жаңа үшбірлікті тұжырымдамасы қаланды. (3 сурет)

3 сурет. Тұрақты даму. Құрамдас бөліктері

2002 жылы БҰҰ «Орнықты даму» жөніндегі Дүниежүзілік саммиті (үкіметаралық, үкіметтік емес және ғылыми форум) Жер шарында тіршілікті қолдау жүйелерін сақтай отырып, адамның негізгі қажеттіліктерін ұзақ мерзімді қанағаттандыру үшін тұрақты даму идеяларына бүкіл халықаралық қоғамдастықтың келісетіндігін растады. Тұрақты даму тұжырымдамасы өзінің мазмұнымен сонау XX ғасырдың ортасында академик В. И. Вернадский ұсынған ноосфера тұжырымдамасымен үндеседі.