1. Периодонтит (жедел, созылмалы).
  1. Жедел периостит (сірлі, іріңді).
  2. Остеомелит (жедел, созылмалы, созылмалы остеомиелиттің өршуі).
  3. Целлюлит.
  4. Абсцесс.
  5. Флегмона.
  6. Лимфаденит (жедел, созылмалы).
  7. Созылмалы лимфадениттің өршуі.
  8. Аденофлегмона.

Анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне, патоморфологиялық өзгерістері мен ағымына байланысты бет-жақсүйек аймағы іріңді қабыну ауруларының жіктелуі.

А. Бет-жақсүйек аймағының жоғарғы бөлімінің абсцестері мен флегмоналары.

Ә. Бет-жақсүйек аймағының төменгі бөлімінің абсцестері мен флегмоналары.

Б. Іріңді қабыну процестерінің патоморфологиялық түрлеріне байланысты жіктелуі:

В. Ағзаның қорғаныс күштерінің және орталық жүйке жүйесінің жағдайына байланысты қабыну процестерінің ағымы:

Бастың және мойынның абсцестері мен флегмоналарының жіктелуі негізінен іріңді инфекциялық процестің ан- атомиялық шел кеңістіктерінде шоғырлануына негізделіп құрастырылған. Айталық, бастың ми бөлімі төбес інің орта шамасында маңдай-шеке-шүйде аймағы (regio frontоparietоoccipitalis), ал жандарында самай аймағы (regio temporalis) орналасуын мысал ретінде келтіруге болады.

Мойында тіласты сүйек үстінің (region suprahyoidea) және тіласты сүйек астының (region infrahyoidea) аймақтары жатады. Мұндағы абсцестер мен флегмоналар мойынның тіласты сүйек үстінің немесе тіласты сүйек астының алдыңғы немесе бүйір бөлімдерінде өтулері мүмкін. Мойынның тіл-асты сүйек үстін ауыз қуысының түбі құрайды. Сондай-ақ, трапеция тәрізді бұлшықеттің (m. trapezius) орны мойынның артқы аймағы ретінде қарастырылады.

Бастың және мойынның жеке бөлімдерінің анатомиялық аймақтарында немесе кеңістіктерінің шел тіндерінде (1 сурет) жайылмалы (флегмона) немесе шектелген (абсцесс) іріңді қабыну аурулары өтуі мүмкін.

1 сурет. Беттің және мойынның анатомиялық және топографиялық аймақары.

1-самай аймағы, regio temporalis; 2-маңдай төбешүйде аймағы ; 3-көзұя аймағы, regio orbitalis; 4-мұрын аймағы; 5-бетсүйек аймағы, regio zуgomatica; 6-көзұяасты аймағы, region infrorbitalis; 7-ауыздың айналасы; 8-ұрт аймағы, regio buccalis; 9-құлақмаңы-шайнау аймағы; 10-иек аймағы, regio mentalis; 11-төменгі жақсүйекасты аймағы, regio subman-dibularis; 12-иекасты аймағы, regio submentalis; 13-ұйқы үш-бұрышы; 14-төс-бұғана-емізік бұлшықет аймағы, regio m.ster-nocleidomastoideus; 15-жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale.

2 сурет. Бастың бүйір аймақтарының абсце-стер мен флегмоналары:

А-беткей аймағы: 1-regio parotidеa; 2-меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігі, spatum submasseterica. Ә-терең аймағы: 3-самайасты шұнқыры, fossa infratemporalis; 4-қанат-жақсүйек кеңістігі, spatum pterigoman-dibulare; 5-жұтқыншақмаңы кеңістігі, spatum parafaringeum.

Инфекциялық процестің клиникасы, диагностикасы, ағымының болжамы мен хирургиялық емінің түрі, іріңді процестің шоғырлану орны мен тереңдігіне байланысты. Сол себептен, бастың бет бөлімінің бүйір жақтары беткей және терең аймақтарға бөлінеді. Беттің алдынғы (ортанғы) бөлімінде бет сүйек қаңқасы мен сүйекқабының сыртында (алдында) беткей анатомиялық аймақтары мен құрылымдары жатады (қабақ, мұрын, еріндер, иек аймағы). Беттің терең бөлімдерінде жақ-сүйектері, көзұялары, ауыз бен мұрын қуыстары және т.б. анатомиялық құрылымдар жатады.

Төменгі жақсүйек бұтағының сыртқы (латеральды) жағында беттің бүйір бөлімінің беткей, ал ішкі жағында терең аймақтарының анатомиялық құрылымдары мен кеңістіктері жатады (2 сурет).

Осы айтылғандарға негізделіп құрастырылған бастың және мойынның абсцестері мен флегмоналарының анатомиялық жіктелуі (1 кесте) көрсетілген.

Бастың және мойынның абсцестері мен флегмоналарының жіктелуі (М.М. Соловьев, Большаков, 2001)

Кесте 1.

БАС

I. Бастың ми бөлімінің төбесі

Ортаңғы бөлімі:

  1. Маңдай аймағы (regio frontalis).
  2. Шеке аймағы (regio parietalis).
  3. Шүйде аймағы (regio occipitalis).

Бүйір бөлімі:

  1. Самай аймағы (regio temporalis).

II. Бастың бет бөлімі

Беттің алдыңғы (ортаңғы) бөлімі

Беткей аймақтары:

  1. Қабақ аймағы (regio palpebralis).
  2. Көзұяасты аймағы (region infraorbitalis).
  3. Мұрын аймағы (regio nasi).
  4. Ауыздың ерін аймағы (regio labioris).
  5. Иек аймағы (regio mentails).

Терең аймақтары:

  1. Көзұя аймағы (regio orbitalis).
  2. Мұрын қуысы (сavum nasi).
  3. Ауыз қуысы (cavum oris).
  4. Қатты таңдай (palatinum durum).
  5. Жұмсақ таңдай (palatinum moli).
  6. Жақсүйектердің сүйекқабыасты (regio perіostium mandibula).

Беттің бүйір бөлімі

Беткей аймақтары:

  1. Бетсүйек аймағы (regio zygomatica).
  2. Ұрт аймағы (regio buccalis).
  3. Құлақмаңы-шайнау аймағы (regio parotidomasseterica).

Терең аймақтары:

  1. Самайасты шұңқыры (fossa infratemporalis).
  2. Қанат-жақсүйек кеңістігі (spatum pterigomandibulare).
  3. Жұтқыншақмаңы кеңістігі (spatum parapharingeum).

МОЙЫН

I. Мойынның тіласты сүйек үстінің бөлімі (ауыз қуысының түбі)

Алдыңғы бөлімі:

  1. Иекасты аймағы (regio subme-ntalis).
  2. Тіл (lingua).
  1. Тіласты аймағы (regio sublin-gualis).
  2. Жақсүйектіл науа.

Бүйір бөлімі:

  1. Төменгі жақсүйекасты аймағы (regio submandibularis).

II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі

Алдыңғы бөлімі:

  1. Жауырын-кеңірдектік үшбұрышы (trigonum omotracheale).
  2. Ұйқы үшбұрышы (trigonum cаroticum).

Бүйір бөлімі:

  1. Төсбұғана-емізік бұлшықет аймағы (regio m. sternocleido-mastoideus).
  2. Мойынның бүйір аймағы (regio coli lateralis).

Артқы бөлімі:

  1. Трапеция тәрізді бұлшықет аймағы (regio m. trapezius).
  2. Жауырын-кеңірдектік үшбұрышы (trigonum omotracheale).
  3. Ұйқы үшбұрышы (trigonum cаroticum).

Іріңді қабыну процестерінің патоморфологиялық тұрғыдан абсцеске және флегмонаға бөлінулері, олардың даму кезеңдерінде айналасындағы анатомиялық құрылымдардан алғашқыда грануляциялық тінмен, кейін дәнекер тінді қаптамамен шектелулеріне немесе шектелмеулеріне негізделген. Әйтсе де, жедел іріңді қабыну процесінің алғашқы даму кезеңдерінде инфекциялық ошақты сау тіндерден шектейтін тосқауыл әлсіз, толық қалыптасып үлгермейді. Клиницистер абсцестің және флегмонаның ажыратпалы диагнозын іріңді қабыну процестің тарау аумағына қарай жүргізеді. Айталық, жедел іріңді инфекция кіші шел кеңістігінде (мысалы, сүйір тіс шұңқырында) немесе оның кішкене ғана бөлімінде өтуінде, оған абсцесс деген диагноз қойылады. Жедел іріңді инфекция анатомиялық аймақтың бір немесе бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын болса немесе көршілес аймақтарға және кеңістіктерге тарауында, флегмона деген диагноз қойылады.

М.Б. Фабрикант жақсүйектері айналасында өтетін іріңді қабыну процестерін теріасты және бұлшықет аралық флегмоналарына бөледі, себебі оның пайымдауынша, теріастының флегмоналары, әдетте шектеулі немесе жайылмалы болса, бұлшықет аралық флегмоналары үнемі дерлік жайылмалы тү рде өтеді.

Қабыну процесі тек тіршілігі бар ортада ғана өтетіндіктен, мұнда табиғат заңына тән барлық құбылыстар жүреді. Солардың ішінде, механикалық (жалқықтың орын ауыстыру немесе жылжу заңдылығы), физикалық (гидравликалық заңы), химиялық (осмос заңы) және тіндерде өтетін биологиялық заңдары осы процеске қатысады. Осыған сәйкес, қабыну процесінің өн-імдері, тек тіршілігі бар ортада ғана түзіледі, ал зат алмасу процесі тоқтасыменақ, қабынудың барлық сипаты жойылады.

Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, қабыну процестің түріне (даму себебіне), өту орнына (жұмсақ немесе сүйек тіні және т.б. анатомиятопографиялық ерекшеліктеріне) және аумағының өлшеміне (ошақты, жайылмалы, көршілес аймақтарға таралуы, жайылуы), орталық жүйке жүйесінің жағдайына (нормо-, гипер- және гипоергиялық) байланысты, әркелкі клиникалық белгілермен сипатталады және соған сәйкес ем жүргізуді қажет етеді.

Бет-жақсүйек аймақтарының күрделі анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты, жедел одонтогенді қабыну ауруларының бәрін бір әдіспен емдеу үлкен қателіктің белгісі. Себебі, әрбір одонтогенді қабыну ауруларын диагностикалау барысында, дәрігер өзіне зақымдаушы факторымен «сүйек тіні қаншалықты бұзылған» деген сауал қойуы тиіс. Мысалы, одонтогенді қабыну ауруларының кейбірінде, айталық жедел периодонтитте немесе флегмонада, сүйек тіндерінде қайтымсыз бұзылыстар жүрмейді, патологиялық процесс тек айналасындағы жұмсақ тіндерде ғана өтеді, ал остеомиелитте патологиялық процесс сүйек тінін өліеттендіріп, қайтымсыз бұзылыстарын тудырады. Бет-жақсүйек аймақтарында өтетін қабыну ауруларының ерекшеліктерін осылайша түсіну, соған сәкес кешенді емін ұймдастыру, олардың асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жедел одонтогенді қабыну процестерінде жақсүйектері тіндерінің тіршілігін (қайтымдылығы, қайтымсыздылығы) ескеріп, диагнозын қою, тиімді емін тағайындауға және асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді. Осы ретте, клиникалық тұрғыдан Н.Н. Бажановтың (1999), жедел одонтогенді қабыну ауруларын жүйелеу жобасын өте тиімді деп айтуға болады.