«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен –

тарихтағы ең ұлы істің бірі"

К.Д.Ушинский.

Тәрбие қоғам пайда болған кезеңнен қалыптасып келеді. Адам баласы алғашқы қауымның өзінде жас ұрпақты өмірге бейімдеген. Қоғамда қандай өзгерістер болса, тәрбиеге де сол өзгерістер әсер етіп отырған. Француз утопистері Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Сен-Симон (1760-1825), Д.Дидро (1713-1784) балаға жан-жақты білім,тәрбие беріп,сол қоғамды өзгертпекші болған. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Себебі бүкіл адам баласының сана-сезімі қоғаммен, қоршаған ортамен бірге қалыптасады.Сондықтан жеке адам тек қоғамда, қоғамның тарихи, ұлттық, таптық және бүкіл адам баласына тән ерекшеліктеріне сәйкес дамиды. Қоғам адамды байытады, адам қоғамды байытады.

Тәрбие сөзі араб тіліндегі халаха түбірінен шығады. Мағынасы: мінез, табиғат, жаратылыс, сипат деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдауларды, мінездер мен қатынаста рдың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды – өз еркі. Бірақ, бірінші пікірді де жоққа шығаруға болмайды. Себебі: тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз.

Жалпы тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде жеті тұрғыдан алып,қарауға болады:

Ұлттық тәрбие арқылы балаға жалпы адам баласына ортақ жақсы қасиеттерді дарыту. Қиянат жасамау, өтірік айтпау, адам болу, арды сақтау, кішіпейілділік, әдептілік, еңбекшілдік, үлкенді сыйлау, сәбиді және әйел баласын құрметтеу, ата-анаға деген мейірім, т.б. сияқты қасиеттерді жас ұрпаққа үйретіп қалыптастыру.

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өте күрделі,әрі қарама-қайшылықты тарихи-әлеуметтік үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық өндірісті қызметке, процеске араласуына, шығармашылық пен рухани мәдени игіліктерді игеруіне, адамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде

қалыптасып жетілуіне негіз болады.

Тәрбие мақсатты үдеріс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз болады.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі үдеріс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие-көп жақты үдеріс. Жас өспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Тәрбие үдерісі-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеті. Тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білуі маңызды орын алады. Адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсіп өзінің белсенділігін көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады. Тәрбие жұмысы-іркіліксіз әрі кешенді түрде жүргізілетін іс.

Тәрбиенің мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру.Тәрбие процесінде аға ұрпақтың тәжірибесі беріліп, тәрбиеленушілердің сана-сезімі, тәртіп дағдылары қалыптасып, өмірге, еңбекке дайындалады. Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік түрткі болуы керек.Түрткі-тұлғаның мақсатқа жетуде, оны саналы әрекетке жетелейді.

Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез-құлқындағы кемшіліктері мен әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан, адамды тәрбиелеу.

Тәрбиенің міндеттері:

Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білуі маңызды орын алады. Адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсіп, өзінің белсенділігін көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады.

А.С. Макаренко «Бала айнала қоршаған ортамен шексіз қарым-қатынасқа түседі, дамиды, баланың дене күші артып, адамгершілік қасиеті жақсарады. Жылдар өткен сайын баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы маңызды бола бастайды, қарым-қатынас, даму мен тәрбиеге ықпал етеді» – деген.

Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен байланысы - бұл тәрбие процесінің заңы.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізінде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады.

Тәрбие бұл өмірлік шығармашлық. Сондықтан мұнда бала тұлғасы, яғни адам тұлғасы маңызды. Соңғы жылдарға дейін баланы субъект емес, объект ретінде қабылдап келдік. Жарты ғасыр бойы үстемдік еткен технократиялық ойлау тәрбие мақсаты мәдениетпен, мектеппен, оқушының өзімен анықталатынын түсінуге жол бермеді. Тек соңғы кезеңдері ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі олып табылатын қасиеттер мен сапаларды анықтауға ұмтылыстар жасалуда. Түрлі авторлар тұлға өзегі ретінде әр түрлі қасиеттерді атайды. Ол пікірлерге сүйенсек, балаға деген субъектілік қатынас деп, біріншіден, оқушының өз тәрбиелеушісімен бірге тәрбиеге қатысуы; екіншіден, ересектердің баланың барлық құқықтарын мойындауы; үшіншіден бала тұлғасының субъектілік қасиеттері: өзін өзі дамыту, өзін өзі реттеу, өзіндік сын және т.б. қасиеттерін дамыту. Ендеше тәрбиені бұл педагогикалық әрекетті әр қырынан қарастыратын күрделі модель деуге болады. Мәселен:

Оқушылардың бір бірмен және мұғаліммен бірлескен шығармашылығы ретіндегі үрдіс болып табылады. Демек, тәрбие бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Ол тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Тәрбие үрдісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.