Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілсрінің 1905 - 1907 жылдардағы среуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.
Қазақстан қалаларьшда өткен жұмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда атқылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшін қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен стачкалары, әсіресе теміржол қатынасы орындарында не - ғұрлым кең қанат жайды. Революция жылдарында олкенің темір жол тораптарында поездардың жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар ез еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перовскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының, Жосалы станциясында құрылыс жұмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 ж. қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде құрылған Перовскінің, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржол комитеттері өлкедегі жұмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы болды. 1904 жылы пайда болған Сібір социал - демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен әскер құрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оның жергілікті органдарына қарсы күреске шақырған листовкалар таратты.
1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митинглер мен жиналыстар болып етті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Мысалы, Оралда Б. Қаратаев пен Ж. Сейдалин, Қарқаралыда А. Байтұрсынов пен М. Бекметовтар және т. б. ерекше белсенділік көрсетті. Қарқарыладағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400 - дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазак шаруалары ең алдымен жер, су үшіп, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облы - старында жер үшін толқулар болды.
Мәсекеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған "Орыс - қырғыз одағы" құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын "Петиция" ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде - бір пункті қабылданбағандықтан "Орыс - қырғыз одағының" шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіие қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жұмысшылары қолдады. Патша әкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының среуілі 1905 - 1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрпекті орып алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.
Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазак сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жыльт тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оғаи Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Қощығүлов - Ақмола облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Аллабергенов - Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.
Екінші мемелекеттік Думада өлкенің социал - демократиялық ұйымынан барғам депутаттар қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев езінің мемлекеттік Думадағы сөзіиде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті.
Қанды жексенбі
XX ғасырдың басьшда қазақ жеріпдегі отаршылықтың күшеюі ұлт - азаттык қозғалыстың өрлеуіне әсер етті. Бұл кезде қазақ ұлт интеллигенциясы өкілдерінің арасында Петербор, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал - демократиялық қозғалысы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист - ғалым, "Алаш" партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Мемлекеттік думадағы мұсылмандар тобының мүшесі Әлихан Бөкейханов тұрды.
Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал - демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақ - станға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1905 ж. қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық - демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптар енгізді. Олар өздерінің дін тұту еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді.
Қазақ еңбекші бұқарасының 1905 - 1907 жылдардағы ұлт - азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті. Дегенмен жергілікті өкімет пен қарулы қақтығысқа дейін барған қазақ кедейлерінің жекелеген толқулары еңбекшілердің патша өкіметіне, сондай - ақ жергілікті қанаушыларға қарсы күресте саяси тәрбие мектебіне айналды. Сол мектептің тәжірибесін кейін олар ұлттық және әлеуметтік азаттық алу жолындағы күресте пайдаланды.
Мемлекеттік дума
Сұрақ - тапсырмалар: 1. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуының себебін айтыңыздар. 2. XIX ғ. соңындағы Қазақстан тұрғындарының этно - демографиялық сипатын анықтаңыз. 3. Қазақстан қалалары және оның өлкенің шаруашылық және саяси өміріндегі рөлі қандай?