Адам баласы микроағзалардың тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздеренің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран алса, жеміс-жидектерден шарап сусындар, басқа да тағам түрлерін дайындай алған. Сонымен қатар, ас-тағамдарын, басқада қолданыстағы заттарын бұзылу, бүлінуден сақтауға тырысқан. Жұқпалы шешек сияқты ауруларды басқалардан оқшаулап күткен, яғни зиянды әрекеттерімен күрескен. Бірақ, олар табиғатта микроағзалардың тіршілік ететінін білмегендіктен аталған жағдайлар құпия түрінде қалған, микроағзалар қатысуымен жүретін үдерістерді басқару мүмкін болмаған.
Микробиологияның дамуын шартты түрде 3 кезеңге бөледі:
Микробиология тарихындағы алғашқы зерттеушілер ретінде Рим профессорлары Афанасий Кирхер (1601-1680 жылы), XVI ғасырдағы Ганс пен Захарий Янсендердің есімдері аталды. Олар өте қарапайым аспап үлкейткіш құрал жасап, бұзылған ет, сүттерде түрлі «тіршілік иелері-құрттарды» көрген.
Тек XVII ғ. аяғында Галилео Галилей қарапайым микроскопты ашқан соң, алғаш рет Голландия әуесқойы Антон Ван Левенгук микроағзаларды көріп, жан-жақты зерттеу мүмкін болды (Сурет - 1).
Сурет - 1. Микроорганизмдердің ашылуына үлес қосқан алғашқы зерттеушілер.
1695 жылы А. Левенгук «Антон Ван Левенгук ашқан табиғаттың құпия сырлары» атты еңбегін шығарды бірақ, ол өзі алғаш байқаған ұсақ тіршілік иелерінің табиғаттағы орны, маңызы туралы мардымды мағлұмат бере алмады, ол кезде мұндай мүмкндік те жоқ еді.
ХҮІІІ ғ. шведтің табиғат зерттеушісі Карл Линней де өзінің «Табиғат жүйесін» жазғанда микроағзалар әлемін «хаос», яғни бей-берекет жәндіктер тобына ғана жатқызып, өсімдік, жануарлар сияқты жүйелемеген. Дегенмен, микроағзалар туралы дәйекті деректер жинала берді. Ғылымның одан әрі дамуында орыстың табиғат зерттеушісі М.М. Тереховскийдің (1740-1796 жылы) еңбегі зор, ол алғаш рет микроағзалар туралы еңбегін қорғап, тәжірибе жүзінде микроағзаларды адам күнделікті тұрмыста пайдалана алатынын дәлелдеді, микробиологиядағы физиологиялық бағыттың негізін қалады. Л. Пастер ашу үдерісін жете зерттеп, оның оттегінсіз жүретінін, сол арқылы микроағзалардың 2 тобының (аэробты және анаэробты) болатынын ашты.
Л. Пастердің маңызды еңбектерінің бірі - зарарсыздандырудың әдістерін ұсынуы. Осы кезеңдегі аса маңызды еңбектердің қатарына туберкулез, тырысқақ ауруларының қоздырғыштарын тауып, олармен күрес жолдарын ұсынған неміс ғалымы Робер Кохтың зерттеулері жатады. Сонымен қатар ол тығыз қоректік орталарды қолдануды ұсынды. Р. Кохқа 1905 жылы әлемдік деңгейдегі жетістігі үшін Нобель сыйлығы берілген.
Микробиологияның дамуына зор үлес қосқан орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845-1911 жылы), оның иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы, әлі күнге маңызын жойған жоқ. И. Мечниковтың антогонизм туралы ілімнің нәтижесі - антибиотиктерді ашуы, Ресейде алғаш рет бактериологиялық зертхананың негізін салуы ғылымның дамуына үлкен серпіліс әкелді. И. Мечников ашқан иммунитеттің клеткалық және П. Эрлихтің (1854-1915 жылы) гуморальдық теориялары теңдесі жоқ ашулар болды.
Ресейде ХІХ ғасыр микробиологияның қарыштап даму кезеңі саналды, өйткені осы аралықта академик Н.Ф. Гамалея (1859-1949 жылы) бактериофагтарды. Д.К. Заболотный (1866-1929 жылы) мен Т.А. Тарасеевич (1868-1927 жылы) оба, мерез, туберкулезді зерттеулерімен табысқа жетіп, эпидемиология ғылымының негізін қалады.
Көрнекті ғалым Д.И. Ивановскийдің (1864-1920 жылы) алатын орны да ерекше. Ол микроағзалардан бірнеше есе кіші вирус деп аталатын ерекше бір тіршілік иелерін тауып, вирусология ғылымының ірге тасын қалады.
Ауыл шаруашылығы және техника салаларында микробиологияны дамытуға үлес қосқан С.Н. Виноградский, В.Н. Шапошников, М.В. Федоров, Н.А. Красильников т.б. атауға болады.
ІІІ кезең ХХ ғасырдан басталып, қазіргі уақытты қамтиды, оны екіге бөліп қарайды. ХХ ғасырдың бірінші жарты жылдығында микробиология ғылымының дамуында бірқатар тоқырау болған. Мұны салалас жаратылыстану ғылымдарының біркелкі дамымауы, кейбірінің (генетика, биофизика, биохимия т.б.) баяулап қалуымен түсіндіреді.
Бұл кезде адам, жануар, өсімдіктерде кездесетін аурулар қоздырғыштары жан-жақты зерттеліп, жаңа түрлері ашылған, аурулары анықтау, алдын-алу бойынша зерттеулер жалғасқан. Ерекше аталатын жетістік - химиотерапияның негізі салынып (П. Эрлих), бірнеше антибиотик түрлері алынған. 1928 жылы ағылшын микробиологы А. Флеминг іріңді бактерияларға қарсы дәрі - пенициллинді алған. Ресейде алғаш рет пенициллинді 1943 жылы З.В. Ермольеваның жетекшілігімен шығарған, осы уақыт микробиологияның «алтын ғасырының» басы деп саналған.
ХХ ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техникалық дамудың қарқынды кезеңі. Осыған дейін жинақталған деректер ғылымның молекулалық деңгейде дамуына жол ашқан. 1944 жылы америкалық ғалымдар О. Эвери, Мак-Леод және К. Мак-Карти тұқым қуалаушылықты тасымалдаудағы ДНҚ-ң ролін дәлелдеген, кейіннен, 1953 жылы Д. Уотсон мен Ф. Крик ДНҚ-ның құрылысын ашты. 1960-1970 жылдарда гендік инженерия бастап дамып, биотехнология әдістері өндірістерге ұсыныла бастады. Микробиология ғылымы бойынша Нобель сыйлығынын иегерлері (Кесте - 1).
Кесте - 1. Микробиология, вирусология және иммунология бойынша Нобель сыйлығынын иегерлері:
Жылы |
Лауреаттың аты-жөні |
Сыйлық тағайындаудың негізі |
1901 |
Г.Э. Беринг, Э. Ру |
Тәжірибеге сарысумен емдеуді енгізді |
1902 |
Росс Р. |
Безгек патогенезін анықтады (ол емдеу мүмкіндігіне қол жеткізді) |
1905 |
Кох Р. |
Туберкулез қоздырғышын ашты |
1907 |
Лаверан Ш. |
Қарапйымдылардың этиологиялық ролін дәлелдеді (безгек плазмодиясы) |
1908 |
Мечников И.И. |
Иммунитетің клеткалық теориясын тұжырымдады |
1908 |
Эрлих П. |
Иммунитеттің гуморалдық теориясын ұсынды |
1913 |
Рише Ш. |
Анафилаксия үрдісін зерттеп дәлелдеді |
1928 |
Николь Ш. |
Бөртпе сүзегінің эпидемиологиялық ерекшеліктерін анықтады |
1931 |
Варбург О. |
Ферменттердің әсер етуімен болатын жасушалық тыныс алудың негізін ашты |
1939 |
Домагк Х. |
Пронтозилдің антибактериялық әсерін ашты |
1945 |
А. Флеминг, Х. Флори, Э. Чейн |
Пенициллин препаратын ашты және оның инфекцияға қарсы әсер ету тиімділігін дәлелдеді |
1951 |
Тейлер М. |
Сары қызба қоздырғышын ашты және оған қарсы вакцина жасап шығарды |
1952 |
Ваксман С. |
Стрептоминді ойлап тапты (туберкулезге қарсы тиімділігі бар ең бірінші препарат) |
1958 |
Д. Ледерберг, Э. Тейтем |
Бактерияларда болатын транскрипция және рекомбинация құбылысын ашты. Бір ген - бір фермент концепциясын ұсынды. |
1960 |
Ф. Бернет, П. Медавор |
Жүре пайда болатын иммунологиялық толеранттылық феноменін ашты |
1965 |
Львофф А. |
Ферменттер мен вирус бөлшектерінің синтезделуі генетикалық бақылауда болатынын анықтады. |
1966 |
Раус Ф. |
Онкогенді вирустарды ашты |
1969 |
Херши А. |
Вирустардың репликациялануы және генетикалық құрлысын ашты |
1972 |
Портер Р. |
Антиденелердің химиялық құрлымын анықтады |
1976 |
Б. Блюмберг, Д. Гайдушек |
Жұқпалы аурулардың патогенетикалық механизмдерін дәлелдеді |
1984 |
Йерне Н. |
Иммунды жүйе бақылаудың теориясын және моноккональды антиденелердің пайда болу қағидасын ашты |
1987 |
Тонегава С. |
Полиморфты антиденелер пайда болуының генетикалық негіздерін ұсынды |
1989 |
Бишоп М. |
Ретровирусқа онкогендердің эасушалық шығу тегін дәлелдеді |
1996 |
Дохерти П. |
Жасуша тәуелді иммунологиялық қорғаныстың спецификалығыг дәлелдеді |
1997 |
Призунер С. |
Инфицирленудің жаңа принципі ретінде приондарды ашты |
2008 |
Харальд Цур Хаузен |
Жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздарытн адам попилломасының вирусын ашты |
2008 |
Ф. Барресинуеси, Л. Монтанье |
Иммунды тапшылық вирусын (АИВ ВИЧ) ашты |
Микробиологияның Қазақстандағы даму тарихы 1925 жылдан бастау алды деуге болады. Осы жылы Қызылорда қаласында ҚазОАК (КазЦИК) атындағы Өлкелік санитарлық - бактериологиялық институты ашылды.
1934 жылы жоғарыда аталған институт Қазақ эпидемиология, микробиология, гигиена институты (КИЭМГ) деген жаңа атпен қайта құрылды.
Жаңа міндеттер қойылды, оларды жүзеге асыру үшін жоғары біліктілікті мамандар қажет болды.
Бұл мәселені іске асыруға 1930 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік медицина институтының (ҚазГМИ) ашылуының біршама жәрдемі тиген. Ол институт қазіргі кезде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті деп аталады. 1932 жылы институтта микробиология кафедрасы ашылды. Оны әр жылдары басқарған ғалым профессорлар:
Медицина институты педагогтарының микробиология, жұқпалы аурулар, эпидемиология бойынша ғылыми зерттеулерін жүргізуде КЭМИ-ның зертханалары көп жылдар бойы базасы болды. Қазақстанда бруцеллезді, оның ошақтарын, осы инфекциямен күресу жолдарын зерттеудегі маңызын ерекше атап өту керек. Осындай кешенді зерттеулердің нәтижелері ҚазМИ-ның бірқатар ғаламдарына (Н.Д. Беклемишов, И.Қ. Қарақұлов В.Г. Галузо) 1949 жылы Алматыда болған КСРО Медицина ғылымдары Академиясының көшпелі сессиясында жоғары дәрежеде баяндама жасауға мүмкіндік берген.
1945 жылы Алматыда КСРО ДМ-не қарасты обаға қарсы Орта Азиялық ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылды, оның негізгі мақсаты - Орта Азияда оба ауруының алдын алу шараларын жүргізу болды.
1946 жылы маусымда Қазақстанда Республикалық ғылыми президиумының қаулысы негізінде Қаз ҚСР ҒА-жанынан «Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институты» ашылды. Институттың ғылыми зерттеу жұмысы микроорганизмдер құрылымының іргелі негізін және функциясын, олардың биологиялық әртүрлілігін, метаболизмін басқару және бақылауға, патогенділіктің және иммуногенділіктің молекулалық негізін зерттеуге бағытталды.
Қазақстан Республикасында микробиология ғылымын дамытуға қомақты үлес қосып жүрген танымал ғалымдар Т.Б. Дарқанбаев, А.А. Жұбанова, Н. Шоқанов, Қ.Х. Алмағамбетов, Ж.К. Төлемисова, Ж.К. Ордабаевтың есімдері жалпыға таныс.