ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ
Қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесінің пайда болуы мен бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі мақсатты шешу болды. Дене тәрбиесінің пайда болуы адамзат қоғамымен бірге жасап келеді. Ол объективтік (мінез – құлық, өндіріс деңгейі т.б.) және субъективтік (адам санасы) факторларға негізделген (сурет 1). Мындаған жылдар бойы ептілікте жануарлармен күш сынасқан. Бұл «сайыста» табысқа бүкіл аншылар тобынан жан жақты дайындығы бар адамдар жеңіске жете алатын.
Найза, тас, таяқша лақтыру және т.б. еңбек құралдарын пайдалану , арқылы қозғалыс дағдыларын игереді. Аң мұндай қозғалысқа дағдылануы келе – келе кәсіби қызметіне айнала бастады. Алайда өндіріс пен күнделікті тіршілік адамдардың шынығуын қажет етуі дене тәрбиесінің одан ары дамуына ықпалын тигізеді. Адам бір нәрсені үнемі жаттығып үйренуге саналы түрде баруы қажет болады, сонымен бірге еңбек процесінде қолданылатын құралдарын тиімді игеру үшін алдын ала қажетті дене дайындыығын маңызын түсінуі керек болады. Осы жайды түсіне келе адам еңбек процесінен тыс кездерде де тіршілікке қажетті қимыл қозғалыстарды қайталап отырған. Осы кезден бастап ол қимыл қозғалыстар дене жаттығуларына айналып арнайы шұғылдануды бастаған. Еңбек еткендегі қозғалыстардың дене жаттығуларына айналуы, оның адамға әсер ету ауқымен өлшеусіз кеңейтті, сонымен қатар денені жан – жақты жетілдіру мүмкіншілігін туғыздырады. Сөйтіп, еңбек құралын дайындау және оны қолданудағы жинақталған тәжіребе дене жаттығуларының пайда болуының объективті себептеріне айналады.
Адам бойындағы еңбек процесінің негізінде қалыптасқан қозғалыс дағдылары келе – келе дене тәрбиесінмен мақсатты түрде шұғылдануға жеткізді. Бұл әуелгі кезде дағдыны үйреніп еліктеу жүзеге асырылады. Балалар ата –атааналары аң, балық аулау кезіндегі орындалған еңбек қозғалыстарына бейімделіп үйрене бастады. Дегенмен, еліктеу – тәрбие деп сипатталғанымен адамдар арасындағы процесі емес еді. Оның себебі, тәрбие тек қана адамдар саналы түрде отбасының, қоғамның қажеттілігіне сай мінез құлықты қалыптастыруға, ойластырылған іс – қимылға бірін – бірі тарту кезінде пайда болды.
Дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, дене тәрбиесінің ең басты құралдарының бірі дене жаттығуларының өзгеуіне де әсерін тигізді. Мысалы, кейбір жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса енді біреуі жойылып орнына жанасы пайда болып жатады. Бұл өзгерістер екі себептен: - біріншіден, қоғамның материалдық өмірінің дамуы кезендерінде адамнан қозғалыс дағдыларының талап етілуі. Екіншіден, дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның дамуы, адам қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды теренірек таңуы, бұрын адам өмірінде кездеспеген дене жаттығуларын жасау, адамға жағымды әсер ететін тиімді құралдарды іздестіру. Дене тәрбиесінің дамуы жаттығулардың түрлерін көбейтті.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
«Дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтару» т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі оның ғылыми теориялық анықтамасын талап етеді.
Дене тәрбиесі негізі 2 бөлімнен тұрады: біріншісі спорт, бұл жеке бастын белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып кәсіпке айналдыруы. Екіншісі дене шынықтыру. Бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі» «дене шынықтыру» деген түсігініннен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі. «Дене тәрбиесі» педагогикалық процесте үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Соңғы кездерде, арнайы спорттық әдебиеттерде жиі кездесетін түсініктердің бірі «физикалық рекреация» дегеніміз белсенді демалысты қамтамассыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, дене тәрбиесінің тағы бір міндетінт шешуді көрсетеді.
«Физикалық реабилитация» дегеніміз денені қайта қалпына келтіру деп түсінуге болады. Дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақаталып, якни болмаса басқа аурулармен ауырып уақытша жоғалтқан адам организмінің мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануын көрсетеді.
«Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты «мәдениет» деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиелеу мәдениеті адамның өзінің денесін дамытып өзгерту жолындағы қызметтің нәтижесі және осы жолдағы процесс деп ұғынамыз.
Дене шынықтырудың құрамдас бас бөлігі спорт болып табылады. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, ол адамдардың дене кызметі үшін қоғамыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне дарыту деп билеміз.
Спорттың басқа да функциялары жетілікті. Біріншіден – спорт өз алдында тәрбиелік жағына дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, кызмететеді. Екіншіден, спорт - өндірістік қызметке жатпайды, және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ.
«Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуына байланысты.
«Мектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың жас белгілеріне қарағанда «балалар спортына» сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектеп қана ұйымдастырады.
Балалардың дене тәрбиесі бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі деп білеміз.
Мектептегі дене тәрбиесі, онда жоғарыда айтып кеткендей, жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл жүйе тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетідігін айқын, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, лекциялық жұмыстарда.
Оқушылар дене тәрбиесі мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалар мен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарды қамту деп білеміз. Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде» баяндалған.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ, ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Нақты ғылыми және оқу пәні есебінде білімнің қай бір саласы болмасын, егер жеке , өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні деп бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. Дене тәрбиесі туралы ғылымда ізденіс объектісі мынандай педагогикалық факторлар болуы: - дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, оқыту әдісі т.б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның реакциясын немесе іс – қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп кез –келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объектіде өмір сүрмейді.
Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің теориясын зерттеу пәні болып табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез- келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын айтады/балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығулары мен енді ғана айналасушылар мен жоғары дәрежелі спортшыларды/. Дене тәрбиесінің әдістемелік зерттеу пәні деп дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық процесте нақты бағыты бар жалпы заңдылықтарды жүзеге асыруды айтады.
Жеке спорттық – педагогикалық пәндерден әдістемесін /гимнастиканың оқыту әдістемесі, күресу оқыту әдістемесі т.б./ жеке ғылыми пәндерді құрайды. Дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидаларының динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы ең жоғарғы түрі есебінде қарастырылады. Дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі процесін тұтастай жетілдіру перспективасын жасайды, дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды және оларды дене тәрбиесінің барлық әдістерінің игілігіне айналдырады.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағынымыз жөн: 1/ пәннің әлеуметтік мәселелерінің кеңеюі және дене тәрбиесі теориясының дене шынықтыру теориясын айналуы; 2/ пәннің педагогикалық аспектісінің кеңеюі және дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы.
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
Әрбір оқиғаның арнайы қызметтері – бұл онымен тіршілік жасаудың негізгі тәсілі, қоғаммен немесе жек тұлғамен әрекетін нақты түрінде қажеттілігін қанағаттандыруға қабілеттілігі. Дене мәдениетінің қызметтерін түсінбей, оның жеке тұлғаның және қоғамның дамуына ролімен маңызын нақты анықтауға мүмкіндік жоқ.
Дене мәдениетінің арнаулы қызметтері оның қасиеттерімен анықталады. Олар адамның қозғалтқыш белсенділін табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға, осыған сүйене отырып ағзаның дене күйін және дамуын жақсартуға, сонымен қатар өмірдегі қажетті дене қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Неліктен дене мәденитінің бұл қызметтері адамзаттыққа өте маңызды?
Адам көп мынжылдар практика жүзінде қабілеттілік нәрсе ретінде қалыптасты. Қозғалтқыш белсенділік адам организмнің нормальды сүруінің, дамуының ең қажетті жағайымен болды да және сонымен қалады.
Арнаулы дене мәдениеті қызметтері: білімділік қызметі – дене мәдениетін оқу – білім арқылы қимылдың ептілігі мен дағдысы қалыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет – келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі. Тынығу қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белеснді демалыс, адам организімінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.
Неліктен дене мәдениетінің арнаулы қызметтері осылай бөлінеді?
Дене мәдениетінің бөлек компоненттерінің, түрлерінің арнаулы қызметтері өмір тіршілік өрістерінің ерекшеліктеріне байланысты, қай жерде олардың дифференциясы пайда болады.
Жалпы дене мәдениеті қызметтеріне мыналар жатады:
Нормативтік қызмет – адамның қимыл – әрекетін тиімді мөлшерлеген оқу бағдарламасынан, президенттік сынамалардан (бұрыңғы Еңбекке, Отан қорғауға дайындық – ГТО) және еліміздегі спорт разрядтарының нормаларынан тұрады. Эстетика қызметі – әсемділікке жеген құштарлықты дене сымбаттылығы, әсем қимыл – қозғалыс арқылы қанағаттандыру. Хабарлау қызметі – адамның мүмкіндігін жетілдіру жолдарын жинақтап хабарлау. Қарым-қатынас қызметі – адамдардың бір – бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары. Тәрбие қызметі – адамның эстетикалық, адамгершілік, зейіндік, еңбек сүйгіштік қасиеттері қалаптастыру.