Қазақ тілінің тарихы екі үлкен арнаға бөлінеді:

Қазақ тіл білімінің тарихы,тілдің тарихи мәселелерінің қаз тұра бастауы А.Байтұрсынұлы заманынан басталады. Ұлт тілі - тіл-мәдениет-тарих (триада) үштікке негізделеді. Тіл - халықтың қазынасы, ғасырлар бойы жинаған байлығы,мұрасы. Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушы тұңғыш профессор Қ.Жұбанов ұлттың тілін - ғылым тілі айналуына көп еңбек сіңірді. Ғалымдар плеядасы «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңдері,даму тарихына нрнкше еңбек сіңірді. Қазақ тілінің тарихы қалыптасты. Қазақ тілі - ертедегі тайпа,ру,халық және ұлттық кезеңнің күйі,қалпы және арнасы. Әдеби тіл – қазақ тілінің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуы қоғам өмірінен сабақтастықта өрістейді. Қазақ халқының өміріндегі, қазақ қоғамындағы кез-келген өзгерістер мен ірі тарихи-саяси оқиғалар ұлт тілінің даму бағытына ықпалын тигізіп келгені сабақтастықтың көрінісі болса, бұл процесс әдеби тілдің өзі сыртқы әсерлер мен әлеуметтік жағдайларға көп жағдайда тәуелді.

Әдеби тіл - жергілікті диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда, жалпы қауым “дұрыс” деп тапқан нормасы бар, қоғамды ұйымдастырушылық, яғни қоғамның рухани, мәдени қажетін өтей алатындай әлеуметтік қызмет атқаруы Сол нормалар қоғам мүшелерінің бәріне міндетті .

Қазақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілі, қазақ тілінің тарихи грамматикасы ғылыми курстарының заңды жалғасы. Әдеби тілдің тарихына бойламас бұрын жалпы «әдеби тіл» ұғымы нені білдіреді, әдеби тіл қандай болуы керек деген мәселенің басын ашып алуымыз қажет. Тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, Е.Жұбанов. Ә.Әбілқасымов әдеби тілді тарихи ұғым деп көрсетеді. Әдеби тіл - халықтың қоғамдық, әлеуметтік өміріне, саяси экономикалық жағдайына байланысты туып, қалыптасып, кемелденіп отырады. Әдеби тілдің дамуы жалпыхалықтық тілдің ішкі даму заңдылықтарына, екінші жағынан экстралингвистикалық, объективті жағдайларға да байланысты. Сондай-ақ осы ғалымдардың көрсетуінше, әдеби тіл сырттай біртұтас, бүтін құбылыс болып көрінгенмен, олардың нақты тарихи болмысы уақыт, жағдай, кеңістік факторларымен шарттас келетін үзіктерден, әралуан шамадағы тілдесу үлгілерінен тұрады. Сондықтан әдеби тілдің тарихын дәуірлерге, кезеңдерге бөлгенде қазақ тілі мамандарының көпшілік бөлігі «ауызекі әдеби тіл», «ауызша әдеби тіл», «жазба әдеби тіл», «кітаби тіл» тәрізді шартты атауларды қолданады.

Әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің байланысы, айырмашылығы туралы академик Н.Сауранбаевтың пікірі:

Әдеби тілді тану барысында оны жазумен байланыста қарастыру орыс ғалымдарының ықпалымен қазақ лингвистерінің де арасында кездеседі. Ғалым М.Балақаев: «Әдеби тіл дегеніміз – жазу тілі. Жазу тілінсіз әдеби тіл болмайды» - деп жазса, тілші Ғ.Мұсабаев: «Әдеби тіл әуелі жазуға сүйенеді» - деп, әдеби тіл болудың басты шартын жазумен байланыстырады.

Қорытындылай келе, осы ізбен көптеген зерттеушілер әдеби тілді жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған, жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік, жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың бәріне, не көпшілігіне ортақ түсінікті, қоғамдық қызметі әралуан, жалпыхалықтық тілдің ерекшеленген, сұрыпталған түрі деп көрсетеді. Бұның өзі дүниежүзіндегі түрлі халықтың тұрмыс-тіршілігінің, мәдениетінің даму тарихының өзіндік ерекшеліктерін ескермеу болып табылады.

Жалпы қазақ қауымының у-тайпалық кезеңдерінен бастап,оның халық болып құралған дәуіріндегі және ұлттық дамуы тұсындағы тілінің жалпы тарихы мәселесі,әсіресе, соңғы екі-үш ғасыр басындағы күй-қалпы (статикасы) мен даму барысын (динамикасын) танып білуде Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев, А.Ысқақов, Ш.Сарыбаеы, С.Исаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Р.Сыздықова, С.Хасанова, Ғ.Қалиев, Е.Жұбанов,Б.Әбілқасымов және т.б.ғалымдардың еңбектері елеулі үлес қосты.

Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі - оның өңделген,сұрыпталған тіл болуы, бұл-бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы,қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты,яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс,бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгінің болуы - шарт емес. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты (мән-мәнісі,табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс-ауызекі сөйлеу тілі(орыс тіл білімінде осылай атау бар). Бұл - үшінші шарт. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өткен,нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл-әдеби тілдің төртінші сипаты. Жалпы, әдеби тілді» тануда ұстанатын шарттарды ғалым Р.Сыздықованың пікіріне сай ұсындық.Осы сипат-белгілерді нысанаға алып қарасақ,қазақтың тіл қолдану тәжірибесінде «әдеби» деген атрибут-сапаны ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын уәждер бар.