ӨНДІРІСТЕРДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ ТАУКЕН ӨНДІРІСІНІҢ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ


Таукен жұмысының технологиясы пайдалы қазбаны ашық карьерлі және жер асты шахталы әдісімен алады, бұл шахталы әдіс көп қолданылады.

Ашық таулы жұмыстар көмірді, метал кендерін және кен емес пайдалы қазбаны алу кезінде қолданылады. Жер қойнауынан өндірістік үдерісті ашық әдіспен алу, келесі сатылардан тұрады: жер бетін дайындау, таудағы қазу, шығару және алу жұмыстары. Жер бетін дайындауда орманды кесу, өзендер мен бұлақтардың карьерлі алаңынан ағысын өзгерту, батпақты жерге құрғату жұмыстарын жүргізу, жолды басқа жаққа ауыстыру жүргізіледі.

Таулы жерлердегі жұмыстар кезінде әр түрлі құрылыс орларын жасау, ол жер койнауына көлікпен жетуді қамтамасыз ету және біріншілік өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Пайдалы қазбаны алуға негізделген (грунтты алып тастау) аршу жұмыстарын жүргізу, келесі үдерістерден тұрады: қопару, тиеу, тасымалдау және түсіру. Қазба жұмыстарын пайдалы қазбаны алу үшін қолданады. Қопару (жерді босату арқылы бос жынысты немесе пайдалы қазбаны алу). Бұл үдеріс жару немесе гидромеханикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бос жынысты немесе тиеу көбінесе экскаватормен жүргізіледі. Тасымалдау үшін жол көліктерін қолданады немесе ленталы конвейер және үлкен жүк көтеретін автокөліктер қолданылады.

Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу. Жер асты әдісімен кенді алу жыныстарының 1-ші сатыларында бос жыныстарға төсеніш мығым жүргізу арқылы пайдалы қазбаны ашады, одан ары қарай пайдалы қазбаларды өндіреді,соның нәтижесінде, кен орнынан кенді алуға дайындық жұмыстары жүргізіледі 3-сурет. Бұл жұмыстар біткеннен кейін тазалап шығару жұмыс-тарына кіріседі. Кенді жер астынан алатын қондырғының жиынтығын рудник деп атайды. Мұндағы негізгі өндірістік үдерістер бұрғылау, жару, тиеу, тасымалдау, іріктеу және жыныстар мен кенді түсіруден тұрады. Жұмыс істеу шараларына байланысты жер астына жұмыс істейтін жұмысшылар кәсіби мамандандырудан өтуі керек. Кен орындарында жер астында жұмыс істейтін мамандарға мыналар жатады: бұрғылаушылар, жарғыштар, бекітушілер, тасып шығарушылар т.б. Жер асты жұмыстарында тиеу және түсіру жұмыстары, жыныстар мен кенді тасымалдау жұмыстары көп кездеседі. Вагонеткаға тиеу жұмыстары қолмен және арнайы МКО машинамен механикаландырылған күрекпен жасалынады. Вагонеткалардан электротасмалдағыштар көмегімен немесе қолмен тасып шығаратын жол арқылы, кенді алаңға тасымалдайды, одан көтергіш лифт арқылы шығарылады. Үлкен кенді орындардан алынған кен, орталық кен түсетін жерге жіберіледі, одан кейін скипті көтергіш арқылы шығарылады. Кенді ұсату жер астында және жер бетінде жүргізіледі. Жер асты ұсату екінші ұсату горизонтында жүргізіледі. Оны қопарғыш заттардың көмегімен орындайды, ұсатуға кеннің ірі бөлшектері алынады. Соңғы ұсату байыту фабрикаларында немесе металды балқыту зауыттарында жүргізіледі.



3-Сурет. Кеніш карьерлердегі кен алу


Тау кен өндіруде, көптеген қолданыстағы сөздік терминдер арнайы мамандандырылған атаумен алатындықтан бұл терминдерді түсіндірмелі түрінде алдық.

Шахта оқпаны мен штольни - (оқпан, тік шахтаның үстінен астына дейінгі жері); (штольня - жатық не сәл көлбете қазылған қазба) жер асты қазбаларын жер үстімен жалғастыру үшін қажет, олар адамдарды тасымалдау, материалдарды беріп отыру және шахтадағы өндірілген көмірді шығарып отыру мақсатында пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл арқылы шахтаға таза ауа беріліп және пайдаланылған желдеткіштерден ауа шығарылып отырады.

Шурф - тау кені орнын жер бетімен жалғастыратын тік жол (шурф - жер бетінен қазылған). Шурф шахта оқпанына қарағанда аз ғана тілінген орынға ие.

Штрек - жер бетімен байланысатын және көмір қабаттарын бойлай жатқан көденеңді, не азғана еңкіш орналасқан кен орнын айтамыз (штрек - жердің көлденең қазылғаи кен орны). Штректер тазаланған жерлерде көмірді тасуға нұсқау үшін және көп орындарында желдету жүргізу үшін қажет. Шахтада штректердің жалғасы өте үлкен және олар бірнеше ондаған километр құрайды.

Квершлаг - бұл жыныстарға перпендикуляр жатқан немесе созылып жатқан көмір қабаттарын бұрыш жасап өтетін көлденеңді қазба. Бұлар рудник ауласының жалғасы болып табылады. Мұнымен шахтаның өндірілген қазбалары шығарылып тректі материалдар беріліп отырылады.

Бремсберг - өндірілген көмір тиелген, вагонеткаларды түсіру (бремсберг - ылдиға түсірілетін жүкке арналған үңгір қазба) үшін немесе ойып алынатыи жыныстарды жоғарғы горизонттан төменге қарай механикалық тиексіз түсіретін еңкіш қазба. Олар жоғарғы горизонтқа таза ауа беріи отыру үшін және ерекше шахтаны диагональды желдету мақсатында пайдаланылады.

Скат (ылди) - өте қатты ылди қазба, мұнымен қазба өздігінен жоғарғы горизонттан төменге сырғанап түседі.

Уклон (еңіс) - еңкіш қазба, бремсбергтеи ерекшелігі мұнымен электромотормен немесе сығылған ауамен әсер ете отырын шығырдың көмегімен төменгі горизонттан жоғарыға қарай көмірді көтеру жұмыстары жүргізіледі.

Забой - көмір қазып алу орны (забой - шахтадағы штольнидің бір бөлімі). Егер забой, қазылған штректің соңында орналасса, онда ол тұйық деп аталады. Шахтадағы көмір оятын жерлердегі забой "тазарту" деп аталады.

Корсинги - бір ауа ағынының екіншісі арқылы "асырып" алмасуы үшін қажетті өзінше ерекше аспалы қондырғы. Мысалы: қиылысу орнынан таза ауа шығатын жер арқылы енеді.

Рудник ауласы - деп шахта оқпаны мен басты штоленге тікелей жақын орналасқан кен орнын айтамыз. Мұнымен оқпан немесе штольни арасын жалғастырып, көмір және жыныстар тиелген вагонеткаларды сыртқа шығару үшін көтергіш шығырға беріп отыру және қайта шахтаға беріп отыру жұмыстары іске асырылады, Рудник ауласы орналаскдн жерде шахтаға тіреу ағаштарын түсіріп отыратын ұңғыма орналастырылады. Рудник ауласында штректер арқылы адамдардың қозғалысы, таза ауаның берілуі және тау кені орны арқылы өткен ауа шығуы іске асырылады.

Барлық машиналар, құралдар, материалдар көмірді механикалык, өндіру мен оны тасымалдауды қарастыру үшін кажет, сонымен қатар, жарылғыш заттар да рудник ауласы арқылы беріліп отырылады.

Терриконик - кен орнын казын ашу және пайдаға асыру кезінде шығарылған пайдасыз жыныс үйіндісі. Террикониктер мөлшері мен биіктігі едәуір үлкен болады. Жыныстарды оған тиеу скреперлік ауыр жүк көтергіш шығырдың көмегімен механикаландырылады. Сондай-ақ, террикониктерге жиі күкіртті колчедан түседі, ол өздігінен жану мүмкіндігіне ие және ауаға күкіртті ангидрит бөліп шығарады, бірақ террикониктер шахта желдеткішінің ауа кіретін қашасынан 80 м-ден аз емес кашықтықта, ық жағында орналасуы қажет. Тау кені орындарындағы жұмыстардың санитарлық жағдайы бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Барлығынан бұрын тау кені орнына толықтай күн жарығы түспейді. Шахтадағы барлық жұмыстар толықтай жасанды жарықтандырумен жүргізіледі. Екінші ерекшелік, осы шахта орналасқан аумақтың географиясына, оның жатқан орнының тереңдігіне, көмір қабатының және оны жауып жатқан жыныстардың суға байлылығына және т.б. себептерге байланысты. Үшінші ерекшелік – бұл ауаның табиғи шахта газдарымен ластану мүмкіндігі.