Дәріс жоспары:
Дәріс тезистері:
Атаулы сөйлем — бастауыш-баяндауыштық қатынастан тұрмайтын, бірақ зат есімді не есімді тіркестерді атау арқылы білдіретін, айрықша интонациямен айтылатын бір құрамды сөйлем. Атаулы сөйлем өзінен кейін айтылатын сөйлеммен байланысты болады, істі, уақиғаны баяндамайды, тек осы шақта зат, құбылысты, заттың бейнелі қалпын, мезгілді, мекенді атап білдіреді. Көркем әдебиетте стильдік тәсіл ретінде қолданылады.
Құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады: Жаз. Тымырсық ыстық.
Негізгі мүше құбылыстың, заттың атын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде жұмсалатындар: зат есім, есімше (-ған/ -ген, -қан/-кен, -тын/-тін), тұйық рай етістік.
Атаулы сөйлем құрамында осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де болады: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолығуы-ай!
Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстантивтеніп тұрады, сондықтан септік тұлғаға ие болады.
Негізгі мүше, көбіне, атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!
Атаулы сөйлемде бастауыш-баяндауыш болып құрылатын предикативтік қатынас жоқ, бірақ предикативтіктің өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды болмысқа шақ, жақ тұрғысынан қатыстырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін – интонация, контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара тиянақты форма алады. Шақтық мағынасы мағына жағынан жуық көрші сөйлемдер арқылы білдіріледі. Таңертең келе жатыр едім, алдымнан шыға келгені!
Атаулы сөйлем жұмсалуына қарай бөлінеді:
Атаулы сөйлемдер грамматикалық түр-тұрпатына қарай былай топтастырылады:
Атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер функция жағынан да, структура жағынан да тығыз байланысты. Мезгіл жаз еді. Ай жарқырап тұрған. – Жаз. Жарқыраған ай. – Мағына бірдей.
Жаз ыстық. – Жаздың ыстығы-ай! – Құрылым бір түрден екінші түрге ауысып тұр.
Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты - жайылуы, кеңеюі, морфологиялық тұрпаты – негізгі мүшенің қай сөз табынан болуына, қай формадағы сөз болуына байланысты. Тасадан шыға келгенім! Шыжыған ыстық.
Сөз-сөйлем — құрамы тек бір сөзден немесе біртұтас сөз тіркесінен тұратын сөйлем. Оған жататындар: бір сөзден тұратын сұраулы сөйлем. Бардың ба? Қашан? Модаль-жауап-түріндегі бір сөзді сөйлем: Әрине. Мақұл. Бастауыш ыңғайындағы сөзден тұратын атаулы сөйлем. Түн. Айдала. Бір сөзден тұратын толымсыз сөйлемдер. Қоясың ба, жоқ па? – Қойдым.