Газды айырғыштарды есептеу кезінде келесі шарттарды қабылдаймыз:

Гравитациялы айырғыштың есебі. (R e = 1) кезде, газ ағысындағы бөлшектердің шөгу жылдамдығын анықтау үшін Стокс формуласын қолданамыз (9.4):

Өлшемдері 0,3-тен 0,8 мм дейінгі бөлшектер үшін шөгу жылдамдығы былай анықталады (1 < R е < 10 3 ):

(9.23)

Ал, өлшемдері 0,8 мм жоғары бөлшектер үшін шөгу жылдамдығын Ныютон-Ритингердің формуласымен анықтайды (10 3 < Rе < 10 5 ):

(9.24)

Шөгетін (тұнатын) сұйықтардың максималды (шектік) диаметрін мына формуламен анықтайды:

(9.25)

(7.34) - (7.36) формулаларындағы белгілеулер алдыңғы формулаларда қабылданған белгілеулердей. Циклонды айырғыштың есебі. Сұйық тамшыларын айыру негізінен ортадан тепкіш күштің әсерінен болады. Бұл жағдайда, есептеу үшін Стокс формуласы қолданылады:

Еркін түсу үдеуін g ортадан тепкіш үдеуіне w 2 r ауыстыра отырып мынаны аламыз. Ең ұсақ бөлшектер үшін:

(9.26)

Мұнда:

Ірілеу бөлшектер үшін:

(9.27)

Ең ірі бөлшектер үшін:

(9.28)

Тәжірибеде циклонды айырғыштың есебін циклонның диаметрін анықтауға келтіреді, ал қалған өлшемдері диаметрге байланысты алынады.