10.1 Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

Мектептегі дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және сабақтан басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады.

Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Жаттықтыру жұмыстары төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі:

  1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. Бұл жұмыстар сабаққа дейін, сабақ кезінде, сабақтар арасында жүргізілетіндіктен күн тәртібі ішінде деп аталады. Олар: сабаққа дейінгі гимнастика, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сәттер, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулары, ұзартылған күн топтарындағы спорт сағаты.
  2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. Ол жұмыстар: спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары, спорттық мерекелер, президенттік сынама және т.б.
  3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. Бұл жұмыстар мектептен басқа, тыс жерлерде орналасқан мекемелерде жүргізіледі. Ол мекемелер: спорт мектептері, аула клубтары, спорт сауықтыру кешендері, бассейндер, шаңғы, су базалары, спорт сарайлары, стадиондар, жазғы сауықтыру лагерлері және т.б.
  4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары: таңертеңгі бой жазу жаттығулары, шаңғы, коньки, велосипед тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмаларын орындау және т.б.

10.2 Оқу сабағы – дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі, оның мазмұны мен құрылымы

Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.

Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады:

  1. Оқу сабағына кіретін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы.
  2. Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылардың іс-әрекетінің ұсынылған жаттығуларды орындауымен байланысы. Олар: мұғалімді тындау, жаттығуды орындау, орындау техникасын бақылау, көрген немесе естігенді түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын кұру, оны орындау, өз әрекетін бақылау, бағалау т.б. көптеген оқушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады.
  3. Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру, жаттығушылардың әрекетін бақылау, қаталарын түзеу, орындауын бағалау, баға қою, талдау, жүктемені реттеу т.б.
  4. Сабақ кезінде оқушылардың ағзасында болып жатқан физио-
    логиялық, психологиялық үрдістер мен жаттығушылардың көңіл күйлері. Физиялогиялық үрдістер: жүрек соғу, тыныс алу жиіліктері, зат алмасу жүйесінің жұмыстары. Психикалық үрдістер: ықылас, еске ұстау, ойлау, қозғалыс реакциясы жылдамдығы т.с.с. Жаттығушылардың көңіл күйлері: дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойын ойнау барысындағы қуануы, күйінуі, ренжуі, рахаттануы, күлуі, жылауы. Жаттығушылардың көңіл күйлері мен осы физиологиялық, психологиялық үрдістер қосылып білімде, қозғалыс ептілігінде, дағдысында жағымды, дұрыс өзгерістер тудырады. Ол өзгерістер оқу сабағының мазмұнының көрінбейтін жағын құрайды.

Уақыт бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді:

  1. Кіріспе бөлім. Негізгі бөлім. 3. Қорытынды бөлім.

Кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спорт залға кіріп сапқа тұру т.б. сабаққа дайындық әрекеттері жатады. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндеттерін хабарлау арқылы сабақтың кіріспе бөлімі басталады.

Кіріспе бөлімнің негізгі міндеті оқушылардың ағзасын сабақтың негізгі бөлімінің қимыл, әрекетіне дайындау, денелерін қыздыру. Ол оқушыларға таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін дене жаттығулары көмегімен орындалады. Жүру, жүгіру, жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би адымдары, қозғалмалы ойындар элементтері, әр түрлі сипаттағы сапқа тұрулар және басқа біртіндеп көтерілетін, бірқалыпты орындалатын жаттығулар осы кіріспе бөлімде жиі қолданылады, Кіріспе бөлімнің жаттығулары негізгі бұлшық ет топтарына әсер етіп, оларды келешек орындалғалы тұрған жүктемеге дайындайды. Ол мынадай реттілікпен орындалуға тиіс: керілу, мойын бұлшық еттеріне, жоғарғы иық белдігіне, кеуде бұлшық еттеріне, бел-жамбас, аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, секіру жаттығулары. Сабақтың кіріспе бөлімінде берілетін жаттығулар негізгі бөлімде орындалатын әрекеттер мазмұнына сай, сол әрекеттерге оқушы ағзасын толық, дұрыс дайындайтындай болуы тиіс. Кіріспе бөліміне сабақтың жалпы 45 минут уақытының 20-30 пайызы, яғни оқу сабағына 10-12 мин, жаттықтыру сабағына 20-30 мин дейін уақыт бөлінеді.

Негізгі бөлім. Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасы және сабақ міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру, жаттығулар техникасын үйрету, қайталау, жетілдіру секілді күрделі міндеттер сабақгың негізгі бөлімінің басында орындалады, соңында дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндеттерді орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламасында белгіленген әр спорт түрінің негізгі жаттығулары кеңінен колданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 28-30 мин, жаттықтыру сабақтарында 90 мин дейін созылады.

Қорытынды бөлім. Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушы ағзасының функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді, келесі теориялық сабаққа дайын жайбарақат күйге әкелінеді. Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі және ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы ойындар т.б.

Сабақты қорытындылау, талдау, баға қою, снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты әрекеттер оқушыларды жайландырады, ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді. Бұл бөлімде сабақ қорытындыланады, баға қойылады, оқушылардың қимыл белсенділігін арттыратын, негізгі жаттығулар техникасын жетілдіруге көмектесетін үй тапсырмалары беріледі. Қорытынды бөлімге 3-5 мин уақыт бөлінеді.

Үй тапсырмасы. Мектептегі жетісіне үш рет өткізілетін дене тәрбиесі сабағына қосымша, оқу материалдарын көбірек меңгеру үшін, оқушыларға үй тапсырмаларын беру, бақылау, баға қоюға өте керекті жұмыс ретінде қарау керек.Үй тапсырмасын орындау арқылы оқушы өз бетімен дене тәрбиесі жаттығуларын меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өміріне маңызы зор.

Үй тапсырмаларына көбінесе дене тәрбиесі сабағында үйренген спорт түрлерінің негізгі, дайындық, жақындататын жаттығуларын қайталау, қимыл шеберлігін жетілдіру мен дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу жаттығулары беріледі. Сабақта берілген теориялық мәліметтерді қайталау, қосымша әдебиеттер оқу арқылы білімін тереңдету тапсырмасы да үйде орындалады.

Үйге берілетін тапсырмалар түсінікті, қарапайым, қауіпсіз, еркін орындалатын жаттығулар түрінде болады. Мұғалім әрбір үй тапсырмасын алдын ала ойластырып, жоспар жасап, дайындалып барып береді. Ол жаттығулар сабақ кезінде орындалып жатқан кезде ұсынылып, сабақ соңында қорытынды бөлімде, тағы да қайталанып айтылып, үй тапсырмасы ретінде беріледі. Үй тапсырмасын оқушылар айқын түсінуі үшін, тапсырма толық, нақты түсіндіріле айтылуы, жаттығу техникасы жақсы деңгейде қөретілуі тиісті. Үй тапсырмасының орындалуын
мұғалім қадағалағанда, тексергенде, оған баға қойғанда ғана оқушы жауапкершілікті сезіне бастайды. Басқа пәндердегі үйге берілген тапсырмаларға дайындалғаны секілді оқушы дене тәрбиесінен берілген үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазуы, үйде уақыт бөліп орындаулары керек. Ол үй тапсырмаларына байланысты мәселелер ата-аналар жиналысында түсіндіріліп, оларға маңыздылығы, қадағалау жолдары айтылады. Осындай көптеген шаралар орындалып, үй тапсырмасын орындау, бақылау дұрыс шешімін тапқанда ғана ол дене тәрбиесі сабақтарының оқу үлгіріміне пайдасын тигізеді.

Дене тәрбиесі сабағының жоспар-конспектісінің дұрыс жазу үлгісі келесі бетте (8-кесте).

10.3 Денсаулықтары әлсіз оқушылардың дене тәрбиесі

Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы.

Негізгі топқа денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындықтары жақсы, әртүрлі спорт түрлерімен тұрақты айналысатын, айналыспайтын, мектептегі дене тәрбиесі сабағына қатысатын оқушылар жатады.

Дайындық тобына денсаулықтары аздап қана нашарлаған және
дене қуаты дайындығы төмен оқушылар жатқызылады. Олар негізгі топтағылармен бірге дене тәрбиесі сабағына қатыстырылады. Бұл топқа жататын оқушыларға жүктеме қарқыны мен көлемі аздау беріліп,
сынақ жаттығуларын тапсырғанда дайындық тобында екендігі ескеріледі. Оларға тапсырма топтық және жеке әдіс түрлерінде берілуі мүмкін.

Арнайы дәрігерлік топқа денсаулықтары әлсіз оқушылар жатқызылады да, олар негізгі мектеп бағдарламасымен оқу оқитын
дене тәрбиесі сабағынан босатылады. Бұл топтағы оқушылар ауыруларының сипатына байланысты осы топта тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі.

Арнайы дәрігерлік топтардың оқушыларына бағдарлама негізгі бағдарлама материалдарын есепке ала отырып, ауыру түрлеріне байланысты көптеген дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін азайту, кейбір арнайы жаттығуларды қосу түрінде жасалынады.

Бағдарламаға теориялық мағлұматтар және іс-тәжірибелік сабақтар кіргізіледі.

8-кесте – Дене тәрбиесі сабағының ........ сыныптағы № ..... жоспар конспектісі

Өткізу күні .........

Міндеттері:

  1. Жаттығу техникасын үйрету .............................
  2. Жаттығу техникасын қайталау .........................
  3. Жаттығу техникасын жетілдіру ........................
  4. Дене қуаты қасиетін дамыту ..........................

Сабақ өткізілетін жер ....................................

Құрал жабдықтар ...........................................

Теориялық білім мағлұматтары: гигиена негіздері, жаттығушының ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларының әсері, дәрігерлік бақылау түрлері, дене тәрбиесі амалдарын денсаулықты нығайтуға қолдану, қимыл-әрекетті меңгеру жолдары және т.б.

Іс-тәжірибелік сабақтарға: гимнастикалық жаттығулар, қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері, жеңіл атлетика және шаңғы дайындығын жүргізгенде негізгі орын гимнастикалық жаттығуларға беріледі. Гимнастикалық жаттығулар: сапқа тұру, саптық бұрылулар, саптық қозғалыс жаттығулары; жалпы дене дамыту жаттығулары, әртүлі құралдармен орындайтын жаттығулар; әртүрлі снарядтарда орындайтын жаттығулар; тепе-теңдік жаттығулары; мүсін түзулігі жаттығулары; би жаттығулары; снарядтарда ілініп тұру, тіреліп тұру жаттығулары тағы сол сияқты жаттығулар.

Қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері оқыс, тез орындалатын қимыл әрекеттері жоқ, жеңіл ойналатын қозғалыстар болуы керек. Секіру, ауырлық көтеру, статикалық ширығу, күрес, бәсеке сияқты ойын элементері оқушылардың денсаулықтарына зиян тигізуі мүмкін, сондықтан дене тәрбиесі мұғалімі қозғалмалы және спорттық ойындар элементтерін таңдағанда, оқушыларды ойнатқанда өте мұқият болуы керек.

Сабақты екі жолмен жүргізуге болады. Бірінші жолы, бірнеше жақын сынып оқушыларын біріктіріп, ауруларына байланысты А, В топтарына бөліп, денсаулықты нығайту топтарын ұйымдастыру. Ауруларына байланысты топтарға қалай бөлінетіндері 9 кестеде көрсетілген.
(В.П. Русанов, А.М. Калкутин, 2004)

9-кесте – Оқушыларды ауыруларына байланысты А, Б, В топтарына бөлу

Екінші негізгі түрі – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы жақын сынып 1-2, 3-4, 5-8, 9-11 оқушыларын біріктіріп, аптасыны үш рет, 30-45 минөттен жүргізіледі. Арнайы дәрігерлік топтарына жүргізілетін жылдық оқу мерзімі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең уақыты бірінші тоқсанды, екінші кезең уақыты екінші, үшінші, төртінші тоқсан уақыттарын қамтиды. Бірінші дайындық кезеңінде дене тәрбиесі сабағының уақыты 35 минөтке созылады. Ол 35 минөт уақыт берілетін себебі, дене тәрбиесі мұғалімінің оқушыларға жүктемені байқап, азырақ беруі үшін, ауырған ағзаның берген жаттығулар санына, ұзақтығына әсерін байқап, бақылауы үшін беріледі. Екінші негізгі кезеңде сабақтың ұзақтығы 45 минөт. Дене тәрбиесі сабағын өткізер алдында ж.с.ж. 80 соғу/минөттен жоғары болмауы керек. Сабақ кезінде тұрақты түрде жүрек соғу жиілігін бақылап отыру керек. Тыныс алу жаттығуларына өте үлкен көңіл бөлінеді. Тыныс алу ырғағы, жиілігі бұзылса жүктемені азайту керек болады. Шаршаудың сыртқы белгілерін 10 – кестеде көрсетілген.

10-кесте – Шаршаудың сыртқы белгілері

Негізгі қағида әрбір оқушының ауруын, ауыруының ерекшеліктерін, ауыру сипатын білу. Білген білім негізінде, керек кездерде жеке тапсырмалар беру, сабақ кезіндегі жүктемені оқушының дәл сол кездегі денсаулық күйіне байланыстыра беру сияқты әдістемелік қағидаларды арнайы дәрігерлік топтың мұғалімі жақсы білуі керек.

Арнайы дәрігерлік тобындағы оқушыларды мектеп мүмкіншілігіне байланысты жиі-жиі дәрігерлік бақылаудан өткізіп отыру керек болады. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің осы денсаулықтары әлсіз оқушылармен жұмыстарының табысты өтіп жатқаны – арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар дайындық тобына, дайындық тобындағы оқушылар негізгі топқа өтіп жатқан сандарынан білінеді.

10.4 Сабақтарды жүйелеу

Жаттығушылардың әртүрлілігі, бағдарламалардың көптігі, сабақ өткізу жағдайлары және басқа себептер көптеген сабақ түрлерін туғызады. Оларды дұрыс орын-орнымен қолдану, бағыттарын анық аңғару үшін дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтар көптеген төмендегідей топтарға бөлінді:

Бұл бағытта барлық сабақтар бес топка бөлінеді:

  1. Жал п ы дене қ уаты дайынды ғ ы саба қт ары. Бұл сабақтардың мақсаты жалпы дене қуатын дамыту, негізгі қимыл әрекетке үйрету, білім беру, тәрбиелеу (әсіресе бала жасынан). Осылардың бәрінің негізгі деңгейін құрастыру. Сабақтар жүргізілгенде әр түрлі жалпы дене тәрбиесі амалдары мен әдістері колданылады.
  2. Спорттық жаттықтыру сабақтары. Бұл сабақтар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, мектептегі спорттық секциялардағы спортшыларды спорт түрлерінен жоғарғы жетістікке жеткізудің арнайы түрі болып табылады.
  3. Қолданбалы дене тәрбиесі сабақтары . Мектептің жоғары сынып оқушыларының, кәсіптік техникалық училище оқушыларының, колледждердің, жоғары оқу орнындағы студентттердің болашақ кәсіптік әрекетіне дайындыққа негізделген. Әскери-қолданбалы дене қуаты дайындығы әр түрлі әскер бөлімдеріндегі әрекет сипатына байланысты дене жаттығуларын, амалдары мен әдістерін қолдануға бағытталған (әскери-теңіз, әуе флоты, жаяу әскер, десанттар т.с.с. жауынгерлерге).
  4. 4 . Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары . Бұл сабақтарда ауырған немесе жарақат алған адам ағзасы мүшелерінің қызметтерін дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен қалпына келтіреді. Мысалы, арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары дәрігердің бақылауымен тығыз байланыста орындалуы қажет.
  5. Әдістемелік сабақтар. Бұл сабақтар дене мәдениеті мен спорт оқу орындарында, арнайы орта, жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі кафедраларында, әртүрлі әдістемелік кеңестерде, мамандық жоғарылату институттарында жүргізіледі. Ол әр түрлі сабақтарды оқыту, үйрету, жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді.

Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол және .т.с.с.

Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Бұл сабақтардың бір ерекшеліктері бір спорт түрінің жаттығулары негізгі болып, басқа спорт түрлерінің жаттығулары қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға және дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін көмекші болып қатыстырылады. Мысалы, спорт ойындарының жаттығулары негізгі, гимнастика, жеңіл атлетика жаттығулары көмекші ж.т.б.

Кұрама сабақтарды ұйымдастырылуы қиын, бірақ олар балалардың ағзаларына тез, жақсы әсер етеді және бағдарламаның негізгі элементтері жыл бойы мұғалімнің көз алдында болып, оларды дағды деңгейіне дейін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.

  1. Оқу сабақтарында жаңа оқу материалын үйрену және теориялық мағлұматты хабарлауға көп көңіл бөлінеді.
  2. Жаттықтыру сабақтары үйренген жаттығу техникасын жетілдіруге және дене қуаты қасиетін тәрбиелеуге арналған.
  3. Бақылау сабақтары дене қуаты қасиеттерін және оқу материалдарын меңгеруді бақылау міндеттерін орындайды. Олар негізінен сынақтар, нормативтер алу түрінде өткізіледі.
  4. Құрастырылған сабақтар. Дене тәрбиесі тәжірибесінде оқу, жаттықтыру, бақылау сабақтары таза түрде өте сирек өткізіледі. Көбінесе олар құрастырылып, сабақта бірнеше міндеттер қойылып жүргізіледі. Мысалы, бір құрастырылған дене тәрбиесі сабағының міндеттері:

10.5 Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы

Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады:

Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтар міндет бағыттарына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:

Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар технкаларын жетілдіру, бір дене қуаты қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:

Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жақындататын, дайындық, бейнелеу жаттығуларын көп білуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.

Әдістемелік - ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру әдістерін көрсетеді.

Жоспар - конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы ұсталынған үлгі бойынша, оқушы дәптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, әдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.

Қи мыл - қозғалыс дайындығы. Мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықган да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуларды қайталап, өз мұмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.

Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім оқушыларға берілетін теориялық білімді жақсы білуімен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүрізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б,).

  1. Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.

Көмекшілерді даярлау . Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт физоргтарымен тұрақты жұмыс істеу. Кезекшілерді даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақы-
тында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.

Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мәліметтерді баяндауын, әр жаттығудың ағзаға қалай әсері, ойын ережелері, дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістемесі туралы түсіндірген сөздерін тыңдаулары керек. Мұғалімнің ойын барысын талдауын ұғынулары, сабақ барысындағы жаттығу техникасы көрсетуін көруі, балалардың жаттығу орындауларын бақылаулары керек. Олар бос отырмай мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі, сабақ өткізетін орынды дайындауға көмектесуі, қазылық жасауға қатысулары қажет. Бұл шаралар сабақтан босатылған оқушылардың оқу бағдарламасымен өтіліп жатқан сабақтардың материалдарын толық біліп отыруларына көмектеседі, оқушылардың бос жүріп тәртіп бұзуларына жол бермейді.

Мұғалімнің өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы. Мұғалімнің спорт киімінің таза, қонымды, сымбатты дене бітіміне сай болуы, жаттығу техникасын көрсетуге үйлесімді болуының маңызы үлкен. Спорт залда жүргенде спорттық киіммен, оқытушылар, сынып бөлмелері, басқа көпшілік мәдени жерлерде ресми киімдер киіп жүрген дұрыс болады. Киімдердің тұрақты жуылып, үтіктеліп, қыры сынып тұруы, аяқ киімдердің тазаланып, крем жағылып жылтырап тұруы қажет. Мұғалім сырт келбеті және киім киісімен де оқушыларға үлгі бола білуі керек.

Оқушылардың қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері. Оқу барысын басқару қызметін орындай отырып, мұғалім барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, жаттығу техникасын үйренуіне барлық жағдай жасауы керек. Осы мақсатпен әр түрлі оқу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері қолданылады. Олар: топтық, даралық, шеңберлі, фронтальдық әдістер болып бөлінеді. Әрбір әдістің өзіне тән әр түрлі үйлестіре қолданылатын жолдары болады.

Фронтальдық әдіс. Бұл әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыға қимыл-әрекетті көп орындату, сабақ тығыздығын жоғарылата алу мұмкіншілігі фронтальдық әдістің құндылығын арттырады. Фронтальдық әдістің негізгі нұсқалары: жаттығушылардың тапсырманы бір уақытта бәрінің бірге орындауы, жаттығуларды кезектесе орындауы, жаттығуларды толассыз және ауысымды орындауы:

Күрделі жаттығуларды тереңдете үйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығушылар жынысына, дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен әр түрлі тапсырмалар орындайды. Сабақ кезінде топтардың тапсырмалары, жаттығу орындары ауысуы мүмкін.

Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене қуаты дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.

Шеңберлі немесе айналмалы орындау әдісімен ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырманы бір "станциядан" келесі "станцияға" шеңбер бойымен ретті ауыса отырып орындауларын айтамыз. Бұл әдіс өткен материалдарды бекіту үшін және дене қуаты қасиеттерін дамыту үшін қолданылады.

10.6 Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері

Дене тәрбиесі сабақтарын сапалы өткізуде мұғалімнің кәсіптік шеберлік деңгейі шешуші рөл атқарады. Ол мұғалімнің білімі, шеберлігі мен кәсіптік маңызды қасиеттерімен құралады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің білім і.

Білім – мұғалімнің педагогикалық қызметінің мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дене тәрбиесі мұғалімінің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады.

Жалпы білім – мұғалімнің жалпы мәдениетін көрсететін саяси-қоғамдық білімдарлығы, көркем әдебиеттерді көп оқығандығы, көркемөнер саласындағы т.б. көптеген салалардағы білімдарлығы.

Кәсіптік қызметке өте қажет арнайы білімді екі топқа бөлуге болады:

Дене тәрбиесі мұғалімінің шеберлігі.

Шеберлік дегеніміз – дене тәрбиесінің барлық қызметтері мен жеке әрекеттерін осы саланың ережелері мен мақсатына сәйкес меңгеру. Дене тәрбиесі мұғалімінің шеберлігі – жоспарлау, коммуникативтік, ұйымдастыру, гностикалык, қимыл ептілігі деп бөлінеді.

Жоспарлау шеберлігі мұғалімге келешек іс-әрекетті жоспарлауға, сабаққа керек дене қуаты қасиетін дамыту жаттығуларын таңдай, іріктей білуге, оқу-жаттықтыру үрдісін, жарыстар өткізу барысын жоспарлай білуге үйретеді.

Үйымдастыру шеберлігі. Өз қызметін және оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыру, алға қойған жоспарларды орындай білуі.

Коммуникативтік шеберлік мұғалімнің оқушылармен, әріптес-
термен, ата-аналармен қарым қатынасы. Карым-қатынас шеберлігінің өзі үш топқа бөлінеді:

Гностикалық шеберлік мұғалімнің өзінің оқушыларын жан-жақты тануы, ғылыми-әдістемелік және оқу кітаптарын пайдалануы, зерттеу жүргізуі, одан алынған мағұлыматтарды талдауы, өз ісінде қолдануы.

Қимыл шеберлігі. Ол м ұғалімнің дене тәрбиесі жаттығулары техникасын орындауы. Жаттығу техникасын дұрыс, әдемі орындап көрсету оқушыларға қатты әсер береді. Сақтандыру техникасы дағдысы мен қолданбалы жаттығуларды қөл білу дағдысы да қимыл шеберлігіне жатады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік маңызды қасиеттері.

Дене тәрбиесі мұғалімінің барлық кәсіптік маңызды қасиеттерін мынандай алты топтарға бөлуге болады:

Саяси-идеялық қасиеті. Мұғалімнің дүние тануын, көзқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауы, өз халқына адал қызмет етуі, өзінің ұстаздық қызметін жақсы көруі, отанына деген патриоттық сезімі жоғары болуы керек.

Өнегелілік қасиеті. Мұғалім жан-жақты өнегелі қасиеттерге ие болуы керек. Олар: адамгершілік, адалдық, талап етушілік, табандылық, сенімділік ж. т.б.

Коммуникативтік қасиеті. Тәрбие жұмысында жетістікке жету үшін, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін мұғалімге – көпшілдік, ізеттілік, тілеулестік т.б. осы сияқты көптеген қасиеттер көмектеседі.

Жігерлілік қасиеті . Оған жататындар: шыдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық, тез шешім қабылдағыштық, өзін өзі ұстай білу ж.т.б.

Ақылдылық қасиеті. Айқындық және қисынды ойлау, жорамалдау, өнертапқыштық, тапқырлық, ықылас, сөз тапқыштық т.б. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Психоқозғалыстық қасиеті. Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты, ептілікті керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің бәрі жоғала бастайды, сондықтан дене тәрбиесі мұғалімі оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.

10.7 Қолданбалы дене мәдениеті және оны ұйымдастыру әдістемесі

Ерте кездің өзінде адамдар балаларын жас кездерінен арнайы дене жаттығулары, ойын түрлері арқылы коғамдық, тұрмыс және әскери әрекеттерге дайындаған. Адам күнделікті еңбек, соғыс құралдарын қолдану кезінде өнеркәсіптік, еңбектік, жекпе-жек әрекеттерге әзір болу үшін, алдын ала соған ұқсас қимыл-қозғалыстарды орындау арқылы дайындалуға болатынын сезген, түсінген. Қазіргі кезде де дене жаттығулары тікелей өнеркәске әсер етпесе де, жұмысшылардың қимыл ептілігін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру арқылы еңбек әрекеттеріне жағымды әер етеді.

Қолданбалы дене мәдениеті (ҚДМ) дегеніміз - дене тәбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Қолданбалы дене мәдениеті әскери және кәсіптік деп екіге бөлінеді.

Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене қуаты дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбекқабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға койған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.

Біз дене тәрбиесі мамандары спортшылар дайындау жүйесі кезінде, жалпы дене қуаты дайындығы негізінде спорт түрлеріне бағытталған арнайы дайындық, ол дайындықтар негізінде сол спорт түрлерінің техникасы жетілдірілетінін білеміз. Мысалы, гимнастарға қол, иық бұлшық еттері, тепе-теңдік ұстай білу, кеңістікте ез денесін дұрыс басқара білу және ептілік, икемділік, күш секілді дене қуаты қасиеттері керек болады. Ал жүгіріп келіп жоғарыға секіретін жеңіл атлетика спортшысына бұл қасиеттер негізгі емес, оларға күш-жылдамдығы, қимыл үйлесімдігі, аяқтың секіргіш күші қажет.

Осындай жағдайды кәсіптік қолданбалы дайындық кезінде де қолданамыз. Мысалы, құрылыста жоғарыда құрастыру жұмыстарьш істейтін жұмысшыларға қол күші, тепе-теңдік ұстай білу, батылдық қасиеттерін дамыту қажет. Кен қазушыға (шахтерге) иық және арқа бұлшық еттерінің төзімділігі, ептілік, икемділік, әр түрлі дене қалпында (төртаяқтап, екібүктеліп, етпеттеп т.с.с.) қозғала білу қасиеттерін дамыту қажет. Меңгергішті (пультті) басқару маманының жұмысы алдыңғы екі мамандық иелерінен тіпті басқаша болып келеді. Бүл кәсіптің мамандары өздерінің қозғалыстарын дәл, тез, нақты орындауы, қолдарымен үйлесімді қимылдауы, әр қозғалысына көп ықылас сала жұмыс істеуі қажет болады.

Осы жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша әрбір кәсіптік мамандық иелеріне әр түрлі жаттығулар таңдалып, осы мамандықтарға қажет дене қуаты қасиеттері мен қимыл ептіліктері, шеберліктері дамытылуы, дағды жағдайына дейін жетілдірілуі керек болады. Кейбір жұмысшылар, мамандар арасында кәсіптік қолданбалы дайындықты жалпы дене тәрбиесі арқылы, жалпылама жаттығуларды орындау арқылы дайндалуға болады деген пікір қалыптасқан. Ол дұрыс пікір емес. Дене мәдениеті оның кәсібіне байланысты қолданылуы керек, аяқ киім тігушіге - бір түрлі жаттығулар, ұстаға- екінші түрлі жаттығулар, техник маманына - үшінші, нан пысырушыға төртінші түрлі жаттығулар керек.

Кәсіптік қолданбалы дайындық екі түрде орындалады. Бірінші - жұмыс үрдісі кезінде, екінші – жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту кездерінде. Жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту кездеріндегі түрі, қазіргі кезде мемлекетімізде кәсіптік техникалық училищелерде, техникалық колледждерде, ЖОО-да кең қолданылады. Елімізде 12 жылдық оқыту түрі кіргізілетін кезеңнен бастап жалпы білім беретін мектептердің соңғы екі жылы, 11-12-ші сыныптарында осы кәсіптік қолданбалы дене мәдениетіне көп көңіл бөлінеді. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға, ізденістерге, өзін-өзі дайындауға үйреткен кезде, соған сай денсаулығын, дене куаты қасиеттерін, қозғалыс шеберлігін дамыту, жетілдіру қажеттігі пайда болады. 12 жылдық оқу үрдісінің кейінгі екі жылғы бағытталған кәсіптік дайындық кезеңінде, сол кәсіпке қажет қозғалыс шеберлігін, дағдысын қалыптастыратын қолданбалы дене мәдениетіне үлкен мән беріледі.

Қолданбалы дене мәдениетінің әскери қолданбалы дайындығы да осындай түрлерде орындалады. Әр түрлі әскер бөлімдерінде әскери қызмет кезінде және әскери кәсіпке жастарды дайындайтын әскери училищелер, жоғарғы әскери академияларда әскери қолданбалы дене тәрбиесі дайындығына өте үлкен көңіл бөледі.

10.7.1 Кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі

Кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйрету кезінде біз бір ғана кәсіптік мамандық иелерін дайындау әдістемесін мысал ретінде алып отырмыз. Ол мамандық - темір жону мамандығы. Темір жону, темірден әр түрлі қажет бөлшек-бұйымдар жасау, үстел үстінде орнатылған әр түрлі токарлық, фрезерлік, темір тесетін, кесетін, жонатын станоктарда орындалады. Осы мамандыктардың негізгі ортақ белгілері: дене қалыптары мен тұрыстары және адам ағзасына койылатын ортақ талаптарының ұқсастықтары. Темірмен жұмыс істейтін жұмысшы темірден жонып, күрделі, эр түрлі формалы зат шығару үшін қолмен дәл және үйлесімді әрекет істеуі керек. Сапалы бөлшек шығару үшін өз ықыласын бір жерге шоғырландыруы қажет. Осы мамандық иелерінің дене қуаты нашар дамығандарында мынандай кәсіптік аурулар көп кездеседі. Олар: тұлға, мүсін қисаюлары, табан жалпақтығы, қан айналу жүйесінің бұзылуы. Келешек темір жону мамандыгы жұмысшыларын даярлау кезінде біз мынандай міндеттерді орындауымыз керек:

Жалпы төзімділікті жаттығуларды көп рет қайталау арқылы дамытамыз. Ол үшін әр түрлі спорт түрлерінің жаттығуларын қолданамыз. Ол спорт түрлерінің жаттығулары: 500, 1000, 1500, 2000 метрлерге жүгірулер; кедергі қойылған жолдармен жүгіру; спорт ойындары (регби, баскетбол, футбол, хоккей); шаңғы спорты; суда жүзу; эстафеталар; туризм; конькимен жүгіру.

Тік, түзу тұра білу, статикалық төзімділік, иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту мынандай жаттығулар арқылы орындалады: көп рет секірулер, әр түрлі қалыпта секірулер (оң, сол аяқ, отырып, тұрып, басқа түрінде, салмақты оң жақ, сол жақ аяқтарға ауыстыра секірулер т.с.с); серіктесіңді аркаңа көтеріп жүру; арқан тарту; козғалмалы ойындар (әтештер айқасы, чехарда); конькимен жүгіру; арқанмен өрмелеу; таудан төмен сырғанау; жіңішке скамейка үстінде жүру т.с.с.

Ықылас салу және ықыласты шоғырландыра білу, нерв үрдістері жылжымалылығын дамыту үшін дыбыс және көру белгілері бойынша басталатын мынандай жаттығулар орындалады: ысқырық белгісімен еденнен тіреле жатып итерілу; 20 метрге үдей жүгіру; ту сермеген кезде тез-тез отырып, тұру; 10 метрге үдей жүгіру; 3 метр қашықтықтан теннис добын бір-біріне лақтыру (лақтырылған доптан оңға, солға, еңкейе, отыра қалып, шегіне жалтарулар); допты тез алып жүру жаттығуларымен берілетін эстафеталар; қозғалмалы ойын «доп өз адамыңа»; екі доппен баскетбол ойынын ойнау.

Қозғалыстың дәлдігі мен үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлау, бұлшық ет күшін бағыттай білуді дамыту үшін мынандай жаттығулар беріледі: қабырғаға лақтырылған теннис добын біресе оң, біресе сол қолдармен қағып алу; қарама-қарсы тұрып баскетбол добын әр түрлі қалыптарда лақтырып, кағып алу (екі қолмен желкеден, жерге соғып, екі қолмен кеудеден, оң жэне сол қолмен); баскетбол добын шығыршыққа, нысанаға көздеп лақтыру; әр түрлі көлемдегі доптармен жаттығулар орындау; допты көзбен қарамай алып жүру; алдыға аунап түсіп допты қағып алу; екі допты алма-кезек жоғары лақтырып, қағып алу; эспандерлармен жаттығулар; қозғалмалы ойындар («өз туыңа», «өз затыңа» жүгір); шаңғымен таяқтарға күш сала тіреніп, итеріліп жүру.

Денені кеңістікте басқаруды және ерік күшін тәрбиелейтін жат-тығулар: қолдарды желкеге ұстап, аяқтың ұшымен, өкшемен, оң жақ, сол жақ қырымен жүру; етпеттеп жатып, басты жоғары көтеріп шалқаю; ағаш аттың үстінен ауада аунап түсе секіру; бір арқаннан екінші арқанға ауыса өрмелеу; биік жерде тұрып, төмен секіру; 30-40 см биіктіктегі кедергіден ұзындыкка секіре аунап түсу; жекпе-жек жаттығулары; теннис добын бір-біріне лақтырулар.

Біз бір ғана мамандық иелеріне арналған кәсіптік қолданбалы дене жаттығулары жэне ол мамандыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру, кәсіптік қолданбалы дене мәдениеті әдістемесін ұйымдастыру туралы жаздық. 12 жылдық оқыту үрдісі кезіндегі аяққы екі жылда әр мектеп өз мүмкіншіліктері бойынша таңдап алған кәсіп түрлеріне оқушыларды даярлайды. Сол кезде кәсіптік қолданбалы дене мәдениетін дұрыс ұйымдастыру, негізгі керек қозғалыс әрекеттерді, дене қуаты қасиеттерін дәл анықтау, соларды дамытуға қажет дене жаттьгғуларын тиянақты, сауатты іріктеу, ұйымдастыру әдістемесін жақсы білудің маңызы зор болады.