Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Естің түрлері.

Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді:

  1. қозғалыс есі;
  2. сезімдік;
  3. бейнелік ес;
  4. сөз логикалық:

2. Мақсатқа қарай екіге бөлінеді: ырықты және ырықсыз:

  1. Ырықты ес - түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
  2. Ырықсыз ес - адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді:

  1. қысқа мерзімді ес;
  2. ұзақ мерзімді ес;
  3. оперативті ес.

Қысқа мерзімді материалы қысқа сақтау.

Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Ес процестерінің сипаттамасы.

Есте қалдыру. Қайта жаңғырту. Есте сақтау. Ұмыту.

1. Есте қалдыру - бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны игеру процесстері.

Есте қалдырудың түрлері:

  1. Қысқа мерзімді есте қалдыру;
  2. Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
  3. Оперативтік есте қалдыру;
  4. Ырықты есте қалдыру. Жаттау ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;
  5. Ырықсыз есте қалдыру;
  6. Логикалық есте қалдыру;
  7. Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады;
  8. Логикалық есте қалдыруда - қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады.

Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:

  1. Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру;
  2. Салыстыру;
  3. Материалды топтастыру және жіктеу;
  4. Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру;
  5. Бейнелі байланыстарға сүйену;
  6. Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау;
  7. Мағыналы байланысты орнату.

2. Қайта жаңғырту - бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс - елес. Елес - бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі - тану. Тану - бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс.

Тану 2-ге бөлінеді:

  1. Толық;
  2. Толықсыз.

Қайта жаңғыртудың біртүрі - еске түсіру. Еске түсіру -белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:

  1. Ырықты;
  2. Ырықсыз.

3. Есте сақтау - бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс.

4. Ұмыту - бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:

  1. Жағымсыз индукцияның әсері;
  2. Проактивтік тежелу;
  3. Реминисценция - кешіктіріліп еске түсіру;
  4. Шектен тыс тежелу.

Ұмытудың тағы бір ерекшелігі - амнезия.

5. Естің өзіндік ерекшеліктері бар:

Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда екі процесс бар: 1. Есте қалдыру тез, баяу. 2.Ұмыту баяу тез. Ұмытудың негізгі теориялары ес іздерінің өшу теориясы мен интерференция теориясы. З.Фрейдтің себепті ұмыту теориясы. Реминисценция (латын сөзі, қазақша мағынасы көп жылдан кейін еске түсіру) құбылысы мен оның механизмдері. Есті зерттеудегі әрекетті жолдары есте қалдыру заңдылықтарының түсіндірілуімен байланысты.

Естің теориялары және естің жеке типологиялық ерекшеліктері.

I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

  1. аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс-сары);
  2. ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
  3. қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ-қара; ұзын-қысқа).

II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл жүйке жүйесінің мидың иірімділігіне байланысты болады. Мидың иірімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иірімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша жүйке байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жандануы болып табылады.

III. Физикалық теория. Бұл теория бойынша жүйке импульстері, жүйке клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір жүйке клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.

IV. Биологиялық теория. Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:

  1. Жүйке жүйесінде қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол жүйке клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .
  2. Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК - қышқылымен байланысты.

Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минутқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады. Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.

Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Лев Семенович Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 1920 жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді. Анатолий Александрович Смирновтың және Пётр Иванович Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.