Асқазан
Асқазан (ventriculus) (грек. gaster) – өңештен қабылданған астың механикалық және химиялық өңделуін, қорытылған қоректік заттарды жіңішке ішекке өтуін қамтамасыз ететін қуысты тақ ағза.
Асқазанның голотопиясы: асқазан іш қуысында, солжақ қабыртқа асты және құрсақүстілік аймақтарда (regio hypochondriaca sinistra et regio epigastrica) орналасқан (2, 3, 4-суретер).
Асқазанның скелетопиясы (4, 5-суреттер):
Асқазанның синтопиясы (41-сурет):
2-сурет. Асқазан іш қуысында орналасқан.
3-сурет. Іштің алдыңғы қабырғасының аймақтары: 1-regio hypochondriaca dextra; 2-regio epigastrica; 3- regio hypochondriaca sinistra; 4-regio abdominalis dextra; 5- regio umbilicalis; 6- regio abdominalis sinistra; 7- regio inguinalis dextra; 8- regio pubica; 9- regio inguinalis sinistra (асқазанның голотопиясы).
4-сурет. Асқазанның голотопиясы (іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы) және скелетопиясы.
5-сурет. Асқазанның скелетопиясы.
Асқазанның макроскопиялық құрылысы:
Асқазанның төрт бөлігі болады (7, 8-суреттер):
2) Екі қабырғасы ажыратылады :
3) Екі иіні бар:
4) Екі тесігі болады:
6-сурет. Асқазанның көршілес ағзалармен жанасып орналасуы (Schultze бойынша синтопиясы). А — асқазанның алдыңғы қабырғасы: 1 — facies hepatica; 2 — facies diaphragmatica; 3 — facies libera; Б — асқазанның артқы қабырғасы: 1 — facies lienalis; 2 — facies suprarenalis; 3 — facies renalis; 4 — facies pancreatica; 5 — facies colica
5) Өңеш пен асқазанның түбі арасында кардиалді тілік орналасқан (incisura cardiaca), оған асқазанның ішкі бетінде орналасқан сілемейлік қабықтың қатпары (Губарев қатпары) сәйкеседі; асқазан денесі мен пилорикалық бөлігінің аралығында бұрыш (angulus ventriculi) болады және онда бұрыштық тілік орналасқан (incisura angularis), ол тірі адамда болатын функциялық сфинктерге (sphincter antri-ге) сәйкес келеді; sphincter antri – асқазан денесін antrum pyloricum-нен бөліп тұрады, адам өлгеннен кейін қысқыш босап жойылып кетеді.
6) Асқазанның рентгенанатомиясы:
1) рентгендік көріністе тірі адамның асқазанында келесі рентгенанатомиялық номенклатураларды анықтау қажет (9-сурет) – sinus ventriculi, sphincter antri, saccus digestorius et canalis egestorius:
7-сурет. Асқазан (сыртқы көрініс) (Р. Д. Синельников бойынша).
1 — incisura cardiaca ventriculi; 2 — fundus ventriculi; 3 — corpus; 4 — curvatura ventriculi major; 5 — pars pylorica; 6 — antrum pyloricum; 7 — pars horizontalis inferior duodeni; 8 — pars descendens duodeni; 9 — pars superior duodeni; 10 — pylorus; 11 — incisura angularis; 12 — curvatura ventriculi minor; 13 — pars cardiaca; 14 — esophagus.
8-сурет. Асқазан (ішкі көрініс).
9-сурет. Асқазан бөліктерінің рентгенанатомиялық номенклатурасы: 1 - polus cranialis; 2 - formix; 3 - pars cardiaca; 4 - corpus; 5 - sinus; 6 - polus caudalis; 7 - antrum pylori; 8 - pylorus: 9 - bulbus duodeni; 10 - angulus; 11 - cardia; 12 - oesophagus.
2) рентгендік көріністе асқазанның келесі түрлері ажыратылады (10, 11, 12-суреттер):
а) ілмек тәрізді і (дене бітімі мезоморфты адамдарда);
б) шұлық тәрізді (долихоморфты дене бітімді адамдарда);
в) мүйіз тәрізді (дене бітімі брахиоморфты адамдарда);
Балаларда және кәрі адамдарда асқазанның пішіні мүйіз тәрізді, ал әйелдерде шұлық тәрізді пішіні болатындығын ескерген жөн.
10-сурет. Мүйіз пішінді асқазанның рентгенограммасы. 1 — асқазанның күмбезі, ауалы көпіршіктерімен; 2 — денесі; 3 — шығаберіс бөлігі;4 — онекі елі ішектің жоғарғы горизонталді бөлігі; 5 — онекі елі ішектің төмендемелі бөлігі.
11-сурет.Асқазанның қармақ (ілмек) тәрізді пішіні. 1 —асқазанның күмбезі; 2 — денесі; 3 — шығаберіс бөлігі.
12-сурет. Шұлық тәрізді асқазанның электрорентгенограммасы (Н. Р. Палеев бойынша).1 — асқазанның күмбезі ауалы көпіршіктерімен;2 — асқазанның кіреберіс бөлігі;3 — асқазанның үлкен иіні;4 — асқазанның денесі;5 —шығаберіс (қақпалық) бөлігі;6 —привратник түтігі;7 — онекі елі ішек буылтығы;8 — онекі елі ішектің төмендемелі бөлігі;9 — аш ішек;10 — асқазанның кіші иіні.
Асқазанның микроскопиялық құрылысы (13-19-суреттер):
а) сілемейлі (ішкі) қабаты (tunica mucosa):
1) Кардиалдық бездер – асқазанның кіреберісінде орналасқан және олардың бөлетін секреттері:
2)Асқазанның меншікті бездері (glandulae gastricae), немесе фундалық бездер – күмбезде және денесінде орналасқан, үш (негізгі, жабушы, қосымша) клеткалардан тұрады:
Пепсиноген мен тұз қышқылы қосылып фермент пепсин түзіледі. Пепсин белок пен көмірсутегін белсенді ыдыратады, ал майларды қорыта алмайды.
3) Пилорикалық (антралық) бездер (glandulae pyloricae) – асқазанның шығаберісінде орналасқан, негізгі клеткалардан (пепсиноген түзетін) және қосымша (сілемейлі секрет бөлетін) клеткалардан тұрады.
4) Сілемейлік бездер: асқазанның барлық бөлігінде сілемейлі қабатында орналасады және сілемей сұйықтықты бөледі.
Асқазан бездерінің өзектерінің ашылатын жері:
13-сурет. Асқазан бездерінің орналасу реттері.
14-сурет. Асқазанның сілемейлі қабатындағы алаңдар (асқазан бездерінің өзектерінің ашылатын жері).
Асқазанның аутопластикалық аппараты: қатпарлар, тіндердің тургоры, сілемейліасты қабаты (жақсы жетілген, қозғалмалы), тамырлардың тонусы.
Аутопластикалық аппарат сілемейлі қабаттың басқа қабаттарға тәуелсіз қозғалмалылығын және әртүрлі бағыттағы қатпарлар түзілуін қамтамасыз етеді (15-сурет), яғни асты механикалық қорытуда маңызды.
Сонымен қатар, асқазанның шығаберіс тесігі аймағында сілемейлі қабығы қалыңданып циркулярлы бағытта орналасқан асқазанның шығаберісінің жапқышын (valvula pylorica) түзеді.
Бұл құрылымның маңызы өте зор, яғни valvula pylorica және m.sphincter pylori бірігіп, қорытылған астың асқазаннан онекі елі ішекке өтуін және оның кері асқазанға өтпеуін реттеп отыратын арнайы құрылым. Аталған құрылымдардың қызметі бұзылғанда әртүрлі патологиялық жағдайлар туындайды: m.sphincter pylori-дың ұзақ уақыт жиырылмай босауы, онекі елі ішек құрамының (сілтілі орта) кері асқазанға (қышқылдық орта) жие өтуі болады да асқазанның қышқылдық ортасы бейтараптанып (нейтралданып) асқорыту төмендейді, бұл жағдай гастритке, жараға (16-сурет) және асқазанның әртүрлі ісік ауруларына алып келеді; m.sphincter pylori-дың ұзақ уақыт жиырылуы (спазмы) – асқазанда қорытылған астың ұзақ уақыт жатып қалуына (асқазанда тек су, спитр және кейбір тұздар ғана сіңіріледі), қышқылдың көбейуіне (эрозия, гастрит пайда болады) және асқазанда ауаның (газдың) жинақталуына (асқазанның тырсыюы, жие кекіру, жүректің айнуы, лоқсу, құсу) әкеледі.
Асқазанның сілемейлі және сілемейліасты қабатында биологиялық белсенді заттар (гастрин, серотонин, гистамин т.б) бөлетін көптеген эндокриндық клеткалар орналасады.
б) бұлшықетті (ортаңғы) қабық (tunica muscularis) (17,18,19-суреттер):
в) сірнелі (сыртқы) қабық – асқазан ішастарымен барлық жағынан жабылған, яғни интраперитонеалді орналасқан.
15-сурет. Асқазанның микроскопиялық құрылысы.
А Б
16-сурет. А–асқазан жарасы; Б –қалыпты жағдай (гастроскопия).
Іш қуысында ішастардың висцералық жапырақшасы асқазаннан басқа көршілес ағазаларға өткен кезде көптеген байламдар түзіледі:
17-сурет. Асқазанның бұлшықет қабығы (сыртқы жағынан көрініс).
18-сурет. Асқазанның бұлшықет қабығы (ішкі жағынан көрініс).
19-сурет. Асқазанның бұлшықет қабаттарының орналасу сызбасы. 1 — ұзынабойлық бұлшықет қабаты; 2 — циркулярлық бұлшықет қабаты; 3 — қиғаш бұлшықет талшықты қабаты (Tittel бойынша).
Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі.
Артериялары (20,21-суреттер):
1) a.gastrica sinistra ¬ truncus coeliacus ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
2) a.gastrica dextra ¬ a.hepatica communis ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
3) a.gastroepiploica dextra ¬ a.gastroduodenalis ¬ a.hepatica communis ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
4) a.gastroepiploica sinistra ¬ a.lienalis тармағы ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
5) a.gastricaе breves ¬ a.lienalis тармағы ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
A.gastrica sinistra және a.gastrica dextra бір-бірімен асқазанның кіші иінінде ұштасып артериялық доға құрайды, ал a.gastroepiploica dextra мен a.gastroepiploica sinistra үлкен иінінде артериялық доға түзеді. Осы артериялық доғалардан асқазанның барлық бөліктері, ал a.gastricaе breves арқылы асқазанның артқы қабырғасы қанмен жабдықталады.
20-сурет. Асқазанның артериялары (алдыңғы көрініс).
Веналары: Асқазаннан веналық қанның ағысы артерияларға аттас веналар арқылы v.lienalis-ке, одан v.portae-ға жалғасады; сонымен қатар, v.gastrica dextra және v.prepylorica тікелей v.portae-ға ашылады.
Асқазанның иннервациясы (22,23-суреттер): ағза бойындағы нерв талшықтары асқазан өрімін (plexus gastricus) құрайды:
а) афференттік иннервация: plexus gastricus нервілерінің құрамындағы, асқазаннан орталыққа (жұлын және миға) бағытталған импульстерді өткізетін, сезім талшықтарымен атқарылады (22,23-суреттер):
21-сурет. Асқазанның артериялары (артқы көрініс).
Асқазанның афференттік иннервациясының сызбасы – асқазаннан сезімді (ауырғанды, адамның қарнының ашуы, тамаққа тойынғанды сезіну, жүректің айнуын, лоқсу, құсуды сезіну) миға өткізу:
1) парасимпатикалық нервілермен: асқазан (интерорецептор) → rr.gastrici n.vagi → plexus gastricus anterior және plexus gastricus posterior n.vagi → n.vagus → ganglion inferius n.vagi (І-ші нейрон) → nucleus tractus solitarii n.vagi (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → сезу қыртыс орталығы: gyrus postcentralis (жүректің айнуын сезіну, лоқсу, құсу және аштықты сезіну);
2) симпатикалық нервілермен: асқазан (интерорецептор) → plexus gastricus → plexus coeliacus → n.splanchnicus major et minor және симпатикалық сабаудың бел бөлігінің симпатикалық нервілері → ganglion spinale (І-ші нейрон) → жұлынның артқы мүйізіндегі nuclei proprii (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → сезу қыртыс орталығы: gyrus postcentralis (ауырғанды сезіну);
3) жұлын нервілерімен: асқазан (интерорецептор) → rr.gastrici → төменгі кеуделік және жоғарғы бел жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары мен n.phrenicus (plexus cervicalis тармағы) → ganglion spinale (І-ші нейрон) →жұлынның артқы мүйізіндегі nuclei proprii (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → gyrus postcentralis (сезу қыртыс орталығы);
б) эфференттік иннервация: орталықтан (ми және жұлыннан) асқазанға бағытталған (вегетативтік, секреторлық) импульстерді өткізетін симпатикалық және парасимпатикалық нервілермен атқарылады (22,23-суреттер):
Эфференттік симпатикалық иннервация сызбасы:
Эфференттік парасимпатикалық иннервация сызбасы:
22-сурет. Асқазанның иннервациясы (алдыңғы көрініс). Truncus vagalis anterior-дың тармақтары: 1 — truncus vagalis anterior; 2 — truncus vagalis posterior; 3 — lien; 4 — plexus gastricus; 5 — a. gastrica sinistra; 6 — plexus lienalis; 7 — a. lienalis; 8 — ventriculus; 9 — omentum majus; 10 — duodenum; 11 — a. hepatica communis; 12 — plexus hepaticus; 13 — plexus coeliacus; 14 — truncus coeliacus; 15 — vesica fellea; 16 — hepar.
23-сурет. Асқазанның иннервациясы (артқы көрініс). Truncus vagalis posterior-дың тармақтары: 1 — ventriculus; 2 — truncus vagalis posterior; 3 — lien; 4 — a. gastrica sinistra; 5 — plexus gastricus; 6 — plexus lienalis; 7 — a. lienalis; 8 — pancreas; 9 — a. hepatica communis; 10 — plexus hepaticus; 11 — truncus coeliacus; 12 — plexus coeliacus; 13 — vesica fellea; 14 — hepar.
Асқазанның лимфа жүйесі (24-сурет):
Асқазаннан лимфа ағуының сызбасы: лимфа капиллярлары → жинағыш лимфа тамырлары → әкетуші лимфа тамырлары → аймақтық лимфа түйіндерге: nodi lymphatici gastrici dextri et sinistri, pylorici, prepylorici, gastroomentalis dextri et sinistri, annulis lymphaticus cardiae → алшақ орналасқан лимфа түйіндерден өтеді: nodi lymphatici lienalis, hepatici, panсreatoduodenalis,lumbales et supraclavicularis sinistri → сыңар ішек сабауына (truncus intestinalis–ке) немесе оң және солжақ бел сабауларына (truncus lumbalis dexter et sinister–ге) барады; → осы сабаулардан кеуделік лимфа түтігіне (ductus thoracicus–ке) жалғасады → ductus thoracicus солжақ веналық бұрышқа құяды.
24-сурет. Асқазанның лимфа жүйесі: 1- nodi lymphatici gastrici dextri et sinistri; 2-nodi lymphatici hepatici et panсreatoduodenalis; 3-annulis lymphaticus cardiae; 4- nodi lymphatici lienalis; 5-асқазанның үлкен иінінің әкетуші лимфа тамырлары; 6- nodi lymphatici gastroomentalis dextri et sinistri; 7- nodi lymphatici lumbales; 8-бүйректің лимфа тамырлары мен түйіндері; 9- бауырдың оңжақ бөлігінің лимфа тамырлары.