Тақырыбы:  Микроскоптың құрылысы. Жұмыс жасау әдістері


Мақсаты: Микроскоптың құрылысы мен жұмыс жасау әдістерімен танысу. Тұрақты және уақытша препараттарды дайындау методикасын меңгеру.


Бақылау сұрақтары:

1. Микроскоптың шығу тарихы.

2 . МБИ-3, МБИ-б, МБТ-11, МБИ-15, фазасы карама-к.арсы, поляризациялық, интерференциялық және электронды миқроскоптарды құрылысы.

3. Электронды және жарық микроскопымен жұмыс жасау принциптері .


Тапсырмалар:

1. Микроскоптың құрылысымен таныстыру.

2. Дайын препараттармен дұрыс жұмыс істеу принциптері.

3. Лабораториялық сабақтар нәтижелерін өңдеу және талдау.

4. Микроскоп арқылы «Аксолотоль бауырының клеткалары» препаратын қарау.


Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:

1. Көтерген мәселелер бойынша тірек конспектілермен, бағдарламаланған карталармен, карточкалармен жұмыс істеу.

2. Студенттердің жұмыс бойынша жасаған қорытындыларын  талқылау.


1-сурет. Биологиялық микроскоп М-9:

1 – негізі ( подставка);  2 – тубустың негізі; 3 – тубус; 4 – макрометрикалық  винт; 5 микрометрикалық винт; 6 – объекттерді бекітетін ұяшығы бар револьвер; 7 – қозғалғыш үстелше; 8 – қозғалғыш үстелшеде препаратты ұстап тұратын шығыршық (клеммы); 9 – айна; 10 – жарық көзі – конденсор, астында  иристі диафрагма бекітілген.

2-сурет. Биологиялық микроскоп МБИ – 1:

1 – подставка; 2 – тубустың негізі; 3 – көлбеу орналасқан бинокулярлы тубус; 4 – макрометрикалық винт; 5 – микрометрикалық винт; 6 – ұяшығы бар револьвер; 7 – қозғалғыш үстелше; 8 – қысқаштар; 9 – айна; 10 – конденсор.


Тапсырма: суреттегі белгіленулерді белгілеңіз.


3-сурет. Электронды микроскоптың жалпы көрінісі.