Кітаптың сипаттамасы Балалардың жұқпалы аурулары
list_alt
Мазмұны
library_books
Текст книги
video_library
Видеодәрістер
live_help
Тесттер
Балалардың жұқпалы аурулары
Осы оқу құралына медициналық жоғарғы оқу орындарының жоғарғы курстарына сабақ жүргізудің жоғары білім беру бағдарламаларында қарастырылған балалар жұқпалы аурулары енгізілді.
Алғашқы рет балалар жұқпалы ауруларынан қазақ тіліндегі дәрістер жинағы 2003 жылы жарық көрді. Одан бері бағдарламаға жұқпалы аурулар этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық ағымы, лабораториялық диагностикасы, емі жағынан жаңа мәліметтер пайда болды. Барлық жоғарыда айтылған мәліметтер осы оқу-құралына енгізілді.
Дәрістік материалда Қазақстан Республикасы бойынша жұқпалы аурулармен бірге ауру-сырқаулық көрсеткіш те келтіріледі. Әсіресе, ерте жастағы балалардағы жұқпалы аурулардың өту ерекшеліктеріне, қарқынды және жедел көрсетілетін көмекке, эпидемияға қарсы шараларға, өзекті сұрақтарға ерекше көңіл бөлінді.
Екпенің жасалуы салдарынан инфекциялардың төмендеуі жеткізілген жетістіктерге қарамастан басқарылатын инфекциялардың деңгейі әлі де жоғары болып қалуда.