Кітаптың сипаттамасы Бастың және мойынның қабыну аурулары (1-2 курс)
list_alt
Мазмұны
library_books
Текст книги
video_library
Видеодәрістер
3d_rotation
3D анимациялары
emoji_objects
Мәселелер
live_help
Тесттер
Бастың және мойынның қабыну аурулары (1-2 курс)
Кәзіргі таңда бет-жақсүйек аймақтарында өтетін хирургиялық инфек-ция ауруларының ғылыми-тәжрибелік маңыздылығы арта түспесе, азай-мағандығы күман тудырмайды және әліде бет-жақсүйек хирургиясының басты мәселелерінің бірі болып қала бермек. Себебі, хирургиялық стома-тология ауруларының жартысынан көбін осы аймақтардың іріңді қабыну аурулары құрайтындығы белгілі. Бұл күнде іріңді қабыну процестерінің ағымы ауыр да жайылмалы түрлерінің көбейуі, науқастардың өміріне аса қауіпті асқынулар (кеуекті қойнауының торомбозы, бас миының абсцесі, медиастенит және сепсис) тудыруы жиі кездесетін болды.
Өкінішке орай, осы саладан ана тілімізде шыққан оқулықтардың тап-шылығы болашақ дәрігерлерімізді қинайтыны жасырын емес. Мемлекет-тік тілінде шығарылған саусақпен санарлықтай оқулықтардың мазмұны тапшы, сапасы сын көтермейтіндігі шындық.